Сәлем хат

Теміртаудан сағынған ұлыңыздан сәлем хат. Асқар тау әкем, аяулы анашым, бауырларым, туған-туысқандарым менен сіздерге жалынды сәлем, менде бәрі жақсы. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінде қызмет атқарып жатқаныма көп уақыт өтпеседе үйреніп жатырмын. Денсаулығым мықты, қарным тоқ көп уайымдай бермесеңіздерде болады. Әскери қызмет ұнауда, алайда үйдегідей еркін жүре алмайсың. Әскерде темірдей тәртіп сақталып, тапсырманы бұлжытпай орындауға, үлкенді қадірлеп сыйлауға тәрбелейді. Мен үшін әскер ең үлкен мектеп болды. Бөлімдегі офицерлер, келісімшарт бойынша қызметшілер барлығын үйретіп жатыр. Ең бастысы қатарымнан қалыспай, барлығын меңгеріп жатырмын. Сіздерге айтарым мені осы күнге дейін тәрбиелегендеріңізге алғысым шексіз. Уайымдамаңыздар. Отан алдындағы борышымды өтеп аман есен үйге ораламын.

Сәлеммен ұлдарыңыз Қуанышев Сайлаубек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *