«Сарыарқа батырлары» өтеді

Қарағандыда 29-30 сәуірде ересектер арасында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия Кубогы өтеді. Спорт сайысы қаланың 90 жылдығына орай және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтың құрметіне орайластырылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион белбеуі үшін жарысқа Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Үндістан және Тәжікстаннан келген мықты спортшылар қатысады. Жүлде қоры – 10 млн теңге.

Турнирдің салтанатты ашылуы 29 сәуір сағат 12-де «Жастар» спорт кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының әкімдігі.

Диханбай Биткөзов – Жаңаарқа ауданының тумасы. 1964 жылы еңбек жолын самбо және қазақ күресінен жаттықтырушы ретінде бастады. Әлемдік деңгейде жеңіске жеткен көптеген спортшыларды тәрбиеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *