Шаңғы роллерінен – екі медаль

Таиланд астанасы Бангкокта шаңғы роллерлерінен Азия Кубогының бірінші кезеңі өтті. Құрлықтық біріншілікке Мексика, Оңтүстік Корея, Филиппин, Моңғолия, Малайзия, Таиланд және Қазақстан спортшылары қатысты. Ұлттық құраманың құрамында 17 спортшы бар, олардың екеуі қарағандылық. Екеуі де жүлделі орындарға ие болды.

– Классикалық 1 300 метрлік спринт жарысында Евгения Вадутова күміс медаль жеңіп алды. Диляра Бейсекеева қола жүлдеге ие болды. Әлеуетті қарағандылық шаңғышылар ел чемпионаттары мен басқа да республикалық біріншіліктерде бірнеше рет жеңіске жетті. Енді шаңғы роллерлерінен де жақсы нәтиже көрсетті, – дейді қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Максим Щербаков.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *