Шахтинстегі тың өзгеріс

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында осы жазда 7 шақырымға жуық автомобиль жолын жақсарту жоспарлануда. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің жанындағы автотұрақтар асфальтталады. Аулаларды, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру жалғасады.

Молодежная көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, 25-ші орамда: Чкалов, Ардагерлер, Пархоменко, Абай, Чапаев, Тургенев, Дзержинский көшелері мен Қазақстан көшесімен жол жүру, сондай-ақ осы ауданның жеке аулаларына кіреберіс жолдар асфальтталады.

№9 және С.Сейфуллин атындағы мектептердің, «Еркетай» балабақшасының автотұрақтарына асфальт төселеді.

«Үш футбол алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қоршауды ауыстыру, жасанды жабын төсеу және жарықтандыру тіректерін орнату көзделіп отыр. Бірінші орамның тұрғындары бұрынғы балалар ауруханасы ауданында балалар мен спорт алаңын жабдықтауды сұрады, онымен де айналысады», – деп хабарлады Шахтинск әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі аллеяны абаттандыру жалғасады. Онда бөлшектелген павильондардың орнында жаңа төсеніштер, орындықтар, урналар, қосымша жарықтандыру пайда болады. Тәуелсіздік алаңында суару жүйесі орнатылады.

Шахтинск аулалары жарығырақ бола түседі: қалада 345 жарықтандыру тіректерін орнату жоспарланған. Сонымен қатар, аула аумақтарында үш ойын алаңы жабдықталып, 19 шағын сәулет нысаны орнатылады.

Жақын маңдағы Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінде жолдарды жөндеу жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *