Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында V облыстық жазғы ауылдық жасөспірімдер ойындары өтті. Оған Қарағанды өңірінің жеті ауданынан әрқайсысынан 120 адамнан 840 жасөспірім қатысты. Жалпы командалық есепте бірінші болып Бұқар жырау ауданының спортшылары атанды.
Жарыс бағдарламасында тоғыз спорт түрі болды: волейбол, мини-футбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату-бес асық, дзюдо, қазақ күресі және стритбол.
– Мен бұл жарыстарға алғаш рет қатыстым. Өте ұнады, өйткені бұл спорт, бәсекелестік және қандай да бір алуан түрлілік, – деп бөлісті Абай ауданының жас волейболшысы Арина Махамбетова.
Өткен жылы жасөспірімдер ойындарын Абай қаласы өткізді. Жалпыкомандалық есепте Шет ауданы жеңіске жетті.
Биыл Бұқар жырау ауданының құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Екінші орында Шет ауданының командасы, үшінші орында – Абай ауданы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Ерік РЫМҒАЛИЕВ