Приозерск қаласында жөндеуден кейін қалалық стадион іске қосылды.
Спорт әуесқойлары тартанмен жабылған жаңа жүгіру жолдарына оң баға берді.
50 жылдан астам уақыт бұрын салынған стадион ұзақ уақыт бойы толық жөндеуді қажет еткен болатын. Футбол алаңындағы жасанды жабын ғана емес,
сонымен қатар көрермендерге арналған трибуна да жаңартылды. Жүгірушілер үшін заманауи тартан жолдары жабдықталды.
Жаңартылған стадионның ауданы төрт гектардан асады.
– Енді мұнда тек футбол ғана емес, хоккей, волейбол және баскетбол ойнауға болады. Жеңіл металл қаңқадан жасалған трибуналар, 3D-қоршау орнатылған, паркинг, жарықтандыру бар, – деді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұл.
Стадион базасында жеңіл атлетика, футбол, волейбол және баскетбол секциялары ашылады. Жақын арада балаларды қабылдау басталады.
Сонымен қатар Қарағанды облысында тағы бір стадион ретке келтірілуде. Саранда үш жыл бос тұрған «Сұңқар» спорт аренасы қайта іске қосылды.
Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өткен жылы ауқымды қайта құру басталды.
Стадионда еуропалық стандарттарға сәйкес келетін футбол көгалын төсеу жоспарланған.
Жеңіл атлеттер үшін сапалы және берік тартан жолдары төселеді, ұзындыққа секіруге, ядро лақтыруға болады.
Техникалық үлкейту мүмкіндігі бар 500 орындық трибуналар орнатады және заманауи воркаут алаңын салады.
«Біздің балалар енді дұрыс көгалдарда, дұрыс жолдарда жүгіреді. Сондай-ақ спортшыларды қолдау көрсетуге ниет білдіргендердің барлығына орын бар», – деп жазды әлеуметтік желілердегі парақшасында Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов.
Жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланған.