Тұлғалардың отансүйгіштік үлгісі

 «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  Г.Қ.Сағатова өзі сабақ жүргізген ЛОГ-24-2, ЭЭ-24-4, ГПР-24-2, ЦаФ-24-4 топ студенттері арасында «Ұлттық тұлғалардың Отансүйгіштік үлгісі» тақырыбына танымдық сабақ жүргізді.

Танымдық сабақтың мақсаты – студенттерге қазақтың ұлттық тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, олардың елге сіңірген еңбегін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сағатова Гүлмира Қанатқызы танымдық сабағында Абай Құнанбайұлын, Ахмет Байтұрсынұлын, Бауыржан Момышұлын ұлттық тұлғалардың отансүйгіштік үлгісі ретінде қарастырды.

  1. Абай Құнанбайұлы – ел бірлігі мен рухани жаңғыру жолын насихаттаған. Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны, философы және ағартушысы. Ол ел бірлігі мен рухани жаңғырудың негізін қаласа, бүгінгі күнде де оның ой-толғамдары мен шығармашылығы

еліміз үшін баға жетпес рухани мұра.

  1. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы ағартушысы, тіл маманы, қоғам қайраткері, және ең бастысы – ана тіліміздің жанашыры.
  2. Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының даңқты перзенті, батырлығы мен даналығы арқылы ел есінде мәңгі қалған тұлға. Ол – ерлік пен қаһармандықтың жарқын символы.

Ұлттық тұлғалар – елінің болашағы үшін аянбай еңбек еткен, халқының рухани, мәдени, саяси дамуына зор үлес қосқан тарихи қайраткерлер. Олар – өз Отанының нағыз жанашырлары, елдің ертеңі үшін жанын қиған, білімін сарп еткен, сөзін шындыққа арнаған ұлттың асыл перзенттері.

Отансүйгіштік – бұл жай ғана туған жерге деген сезім емес, ол – еліне қызмет ету, оны қорғау, дамыту және қадірлеу. Ұлттық тұлғалар осы ұлы қасиетті іс жүзінде дәлелдеген.

Студенттердің қызығушылығын арттыру – бұл жастардың ұлттық сана-сезімін, патриоттық рухын және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастырудың маңызды қадамы. Студент жастар үшін бұл тақырып өз орнын табуға, ұлттық негізде ойлауға, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *