«Тең құқықтар мен мүмкіндіктер»

Қазақстан Республикасы 1998 жылы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенцияға қосыла отырып, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою саясатын жүргізуге, оның ішінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы қағидатын Конституцияға енгізуге және Заң мен басқа да құралдардың көмегімен осы қағидаттың іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

«Әйелдерге қатысты кемсітушілік» конвенциясына сәйкес әйелдердің (олардың отбасылық жағдайына қарамастан) саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез келген басқа саладағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындауын, пайдалануын немесе жүзеге асыруын әлсіретуге немесе жоққа шығаруға бағытталған жыныс белгісі бойынша кез келген айырмашылықты, алып тастауды немесе шектеуді білдіреді».

Бұл анықтаманың маңызды ерекшелігі – бұл  ұғым кемсітушілік тек ерлер мен әйелдердің заңды теңдігіне ғана емес, олардың нақты жағдайына да қатысты.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір прогреске қол жеткізді.

Қазақста Республикасында «тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат проблемаға интеграцияланған, біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру жуктелеген органдар мен мекемелерді анықтайды. Заңда отбасылық зорлық-зомбылыққа әкелетін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық шараларының бірлік идеясының орталығы.

Әйелдердің жағдайы саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялау жөніндегі мемлекет қызметінің нәтижелері Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын, әйелдер мен ерлердің жағдайын теңестіруге бағытталған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мемлекетпен азаматтық қоғам тарапынан гендерлік саясатты іске асыру мониторингін жүзеге асыру болды.

Құқықтар теңдігінен ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерінің теңдігіне көшу стратегиясының мақсаттары құқықтық реттеудің мәні қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін анықтайтын және олардың құқықтары мен тең мүмкіндіктерін практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-демографиялық топтар ретінде әйелдер мен ерлер құқықтары болатын арнайы заңды әзірлеу қажеттілігін анықтайды.

Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған іргелі құжат, оны іске асыру және мемлекетпен азаматтық қоғам тарапынан мониторингті жүзеге асыру құралы, демократияны қалыптастырудың маңызды факторы. Стратегия нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындайды, мемлекеттің өмірі мен қызметінің барлық саласында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі нақты қадамдарды ұсынады. Осы мақсаттарды іске асыру, әрине, Қазақстанның алға жылжуына және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі міндеттерді орындауға ықпал ететін болады.

Ж.Ж.КӘРІМБАЕВ,

Шахтинск қаласының

 әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі

мамандандырылған сотының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *