Теміртауда ONAY! жүйесі іске қосылады

Теміртау қаласының қоғамдық көліктерінде бірінші мамырда электронды төлем жүйесі іске қосылады. Қала әкімдігі мамыр айында қалалық автобустарда жүру тарифі өзгеріссіз қалатынын хабарлайды. Сараланған тарифті енгізу туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Қалалық автобустарда жол ақысын көлік карталарының көмегімен немесе баламалы тәсілдермен төлеуге болады: ONAY! мобильді қосымшасы, көліктің QR коды бойынша, SMS жіберу арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшамен.

«Мамыр айында қалалық автобустарда жол жүру тарифі өзгеріссіз қалады. Жол жүруді ONAY! жеке көлік картасымен тіркеу кезінде «Республикалық жеңілдік» (марапатталған көп балалы аналар мен 1-топтағы мүгедектерге ресімделеді) – жол жүру тегін. Жол дүру ақысын «7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар» картасымен тіркеу кезінде толық тарифтің 50% төленеді. Қолма – қол ақшамен төлеген кезде-барлығы үшін 70 теңге», – деп түсіндірді қала әкімдігінде.

Жеңілдікті карталарды қызмет көрсету пунктінде Блюхер көшесі, 13; балаларға – мектептерде ресімдеуге болады.

Бірыңғай картаны қызмет көрсету пунктінен немесе жеке дистрибьюторлардан – «Сарыарқа Нан» дүңгіршектерінен және «Южный» супермаркетінен сатып алуға болады.

Сонымен қатар, ONAY! мобильді қосымшасында негізгі тариф бойынша QR-код арқылы жол ақысын төлеу үшін виртуалды картаны шығаруға болады (жеңілдікті есепке алмағанда).

Жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ONAY! байланыс орталығына (8-7212) 50-60-50 телефоны бойынша хабарласуға болады. Instagram-ға да жазуға болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *