Теміртаулық спортшы Наргиз Болатова Дохада (Катар) өткен су спорт түрлерінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Синхроншы Эдуард Киммен жұптасып алтын алды.
«Көркем жүзу» түрі бойынша ұлттық команда өкілдері аралас дуэттер арасында үздік атанды. Бұл су спортынан әлем чемпионаттарындағы Қазақстанның алғашқы алтыны.
Қазылар алқасы Наргиз Болатова мен Эдуард Кимнің өнеріне 228 ұпай берді.
Қытайлық спортшылар күміс, Мексикалықтар қола алды.
Наргиз 7 жасынан бастап Теміртауда синхронды жүзумен айналысады. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, суда жүзу түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны.