Теміржол – қауіпті аймақ

Теміржол көлігі өзінің тиімділігіне байланысты әр түрлі экономикалық аймақтардың байланысын, тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланысты,  әр түрлі аймақтардың азаматтарының қозғалысын қамтамасыз ететін шаруашылық саласының ажырамас бөлігі.

Оның жұмысының тұрақтылығы  үлкен мемлекеттік маңызы бар міндет екені сөзсіз дұрыс айтылған. Алайда сол теміржол жұмысының тұрақтылығы, бізге, қарапайым халыққа  байлынысты екенін естен шығармау керек.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖПБ бастығы полиция подполковнигі Бағлан Жарылқасынұлының сөзіне сенсек, еліміздегі темір жол объектілерінде болып жатқан оқыс оқиғалардың статистикасы бойынша жылына  орта есеппен алғанда  тек жолаушылар мен жүк тасымалдау поездарының  адамдардың темір жолдың белгіленбеген жерінен өту салдарынан  шұғыл тежеуді қолдану фактілерінің  344 тіркелген.

Өткен жылы көлік объектілерінде  жылжымалы құраммен адамдарды басып кетудің 88 дерегі тіркелген, оның ішінде 52 дерек өліммен аяқталса, 36 дерегінде  азаматтар темір жол жарақатын алған.

Жалпы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  көліктегі полиция қызметкерлерімен әр түрлі алдын алу іс шаралары үнемі жүргізіліп тұрылады.

Сондай игілікті шара 2025 жылдың 15 ақпан күні өткізілді. Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы – Бағлан Жарылқасынұлы Қарағанды-Сұрыптау станциясының өз басындағы теміржол бөлімінің бастығы Е.А.Байбосыновтың, жол инженері Е.С.Мажиттің, Сұрыптау  станциясының бас инженері Ж.Т.Сламбековтің, жол шебері Қуаныш Бақыттың және Қарағанды филиалы вагон жөндеу депосы бастығы Аманқос Құлмағамбетовтың қатысуымен станциядағы кемшіліктерді анықтау мен жою бойынша рейд өткізді.

Бұл – шара биылғы  құқық бұзушылықтың алдын алу жылы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын  іске асыру аясында да ұйымдастырылған болатын.

Рейд барысында  қатысушылар  Қарағанды-Сұрыптау станциясының 701 қашықтығынан бастап, 711 қашықтыққа дейін жаңартылған  (жарық шағылыстыратын) жаңа ескерту белгілерінің жоқтығы және  бар қоршаулардың  жөндеуді қажет ететіндігі,  сондай-ақ,  темір жол ұйымдарының  қауіпсіздік бөлімі мамандарымен  бірлескен «темір жолда қауіпсіз шараларын сақтау» бойынша халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде  жүргізу мәселелерін көтерді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  теміржол объектілерінде тазалықты сақтау және қоқыс пен вандализм фактілерінің жолын кесу қажеттілігі атап өтілді.

Шара соңында  қатысушылар  әр бір апта аралығында осы жұмыстарды бірлесіп жүргізуге, қызмет ету аумағы бойынша  ақпаратпен уақытылы  алмасу  құқық бұзушылықтың алдын алудың кепілі ретінде көлік полиция қызметкерлері  мен теміржол ұйымдары өкілдері бар WhatsApp-та жұмыс чатын ашу жұмыстары  жүргізілді.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *