Туризмнен пайда көп

Туризм жылдан-жылға өркен жайып келеді. Түрлі жоба жүзеге асуда. Қарағанды облысында 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласында көрсетілген қызмет көлемі – 7 млрд теңгеге жеткен. Құйылған инвестиция 17,4 млрд теңге.

 

Қонақтар саны артпақ

Туризм – Қарағанды облысының экономикасын дамытудың драйверлерінің бірі. Жыл сайын Балқаш пен Қарқаралыда демалушылар саны артып келеді. Өткен жылы туристер ағыны 385 мың адамды құрады. Биылғы болжам одан да көп.

Өңірді туристер үшін тартымды ету және демалушыларға жайлы жағдай жасау жолдары аппараттық кеңесте талқыланды.

– Қарағанды облысында туристік саланы дамыту бойынша карта әзірленді. Туризмді дамытудың негізгі нүктелері – Балқаш курорттық аймағы және Қарқаралы ауданы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша салада оң динамика байқалады. Тұру мен демалуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді 9,8% өсіммен 269 нысан көрсетеді. Туристер саны 385 мың адамға жетті, оның ішінде шетелдіктер ағыны 30%, ішкі туристер 5,1% артты. Биыл 500 мыңға жуық қонақты қабылдап, салаға 23 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, – деп баяндады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Оның айтуынша, агро және экотуризмді, сондай-ақ балалар мен медициналық туризмді дамыту әлеуеті зор.

 

11 инвестициялық жоба  іске асады

Биыл туризм саласында 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Балқашта жаңа демалыс аймақтары салынады. Судағы мейрамханасы бар қонақ үйді ұйымдастыру жобасы іске асырылуда.

Қала маңындағы туризмге де назар аударылады. Әлеуетті нүктелердің бірі — Абай ауданындағы Топар су қоймасының жағалауы.

Туризм саласындағы бизнес жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Несиелер бойынша сыйақының бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру сияқты құралдар талап етіледі.

Осы жылдан бастап VISIT КАРАГАНДА туристік ақпараттық орталығы іске қосылды. Мұнда өңір қонақтары маршруттар, көрікті орындар, қонақ үйлер, демалыс орындары, туроператорлардың қызметтері туралы ақпарат ала алады. Жасанды интеллект негізінде виртуалды көмекші әзірленді: чат-бот келушілерге қажетті ақпаратты түрлі тілдерде ұсынады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында туризм кеңесі жұмыс істейді. Бизнес-қоғамдастық проблемалық мәселелерді көтеруде.

Олардың бірі – инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі. Бұл бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезекте бұл жол. Биыл Қарағанды-Қарқаралы тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Балқаш әуежайын қайта құру аяқталғаннан кейін Шымкент, Түркістан және Жезқазған қалаларына жаңа әуе рейстерін ашу жоспарлануда. Торанғалық және Шұбартүбек курорттық ауылдарында көп жылдық су мәселесін шешу үшін магистральді су құбырының құрылысы басталады. Қарқаралы ауданында «Бұғылы» рекреациялық аймағының инженерлік инфрақұрылымы және оның аумағына инвесторлар тарту мәселесі шешілуде.

 

Базалық станциялар жаңғыртылады

Кеңесте ұялы байланысқа қатысты проблемалар да талқыланды. Мониторинг негізінде базалық станцияларды жаңғырту және жаңаларын салу үшін орындар белгіленді. Балқаш және Қарқаралы бағытындағы жолдардың бойына қосымша антенна-діңгекті құрылыстар орнату қажет.

– Облыста туризмді дамыту үшін үлкен әлеует бар, біз барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Бүгінгі таңда жаңа жұмыс орындарын құрумен өсу нүктелерін анықтадық. Біздің өңір қазақстандық және шетелдік туристер арасында жылдан жылға танымал болып келеді. Бұл біздің олардың алдындағы жауапкершілігімізді арттырады, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

 

Көрмеге келіп көрді

Қарағанды өңірінің туристік әлеуетін Алматыда өткен KITF халықаралық көрмесінде көруге мүмкіндік болды. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Оған әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компания қатысады.

Қарағанды облысынан кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, R-TOUR туристік агенттігі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені, «Nomads Club» ЖШС ішкі туризм туристік агенттігі, «Орман» қонақ үйі, Visit Qaraganda туристік ақпараттық орталығы қатысты.

Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылды. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы.

Егер Қарқаралы ұлттық паркі – таулы-орманды оазис және белсенді туризм үшін өте қолайлы болса, онда Қазақстанның үздік 20 туристік орнының қатарына кіретін Балқаш көлі су спортын сүйетіндердің де, тынығып уақыт өткізуді қалайтындардың да көңілінен шығуы мүмкін. Бұл бағыттар үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталары әзірленді. KITF – бұл меморандумдарға қол қою, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.

 

Балқаш жазғы маусымға дайын

Асыңа күткен жазғы маусым да келіп қалды. Балқаш көліне қарай бет бұрған демалушылар саны артатыны белгілі.

Балқашта туристік ауылдарға арналған магистральді су құбырының құрылысы басталды. Тұрғындар мен кәсіпкерлер ауыз сумен қамтамасыз етуді бірнеше жыл күтті.

Балқаштан Торанғалыққа дейінгі су құбырын салу туризмді дамыту үшін де маңызды. Шұбартүбек елді мекені де сумен қамтамасыз етіледі. Магистральды су құбырының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ туркластерлерге кәріз қажет.

Жаңа жобалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың басшылығымен Балқашта өткен көшпелі кеңесте айтылды.

– Туризм – өңір экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша біз туристік ағынды дамытуға жүйелі көзқарас қалыптастырудамыз. Тек өткен жылы ғана туристер саны 28%-ға, ал қызмет көрсету көлемі 70%-ға өсті, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Атқарылған жұмыстар мен туризмнің болашағы туралы Балқаш әкімі Сапар Сатаев баяндады. Соңғы екі жылда қалада 44 шақырым су құбыры желісі ауыстырылды, курорттық аймақтарда 13 санитарлық-гигиеналық модуль орнатылды, тағы үшеуі тартылып жатыр.

Жағалау мен туристік ауылдарда 36 камера жұмыс істейді.

 

Бос жер бар

Инвесторларды тарту үшін Бертыс бұғазы ауданындағы жер учаскелеріне түгендеу жүргізілді.

Бүгінгі таңда Балқашта туризмді дамыту үшін аукцион арқылы ұсынылатын 106 га бос жер бар.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы – Екатеринбург автожолы ауданында жол бойындағы сервисті дамыту үшін бизнес нысандарының құрылысына қосымша жер телімдерін, кәріз желілерінің құрылысына және сумен жабдықтауға ЖСҚ бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Біздің мақсатымыз – Балқашты тек біздің елден ғана емес, шетелден де туристерді тарту нүктесіне айналдыру. Біз құрылыс жүргізіп қана қоймай, алға көз салып, трендтерен озып отыруымыз қажет, – деп атап өтті Сапар Сатаев.

 

Балқаш Қарағанды облысының туристік орталығына айналуы тиіс

Өткен жылдың басынан бастап Балқашта бес жаңа туристік нысан ашылды, 36 жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгеге жуық болатын тағы үш кешен қосылады.

Қалада туризмді жаңа форматта дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Жазда болатын ерекше оқиға – маусым айында өтетін жыл сайынғы «Балқаш Tourfest – 2025» фестивалі болмақ.

Балқашта туризмді дамыту мақсатында сервисті жақсарту қажет. Бұл қала тұрғындары үшін де маңызды. Қалаға келген туристер түрлі қызмет көрсету нысандарын да аралайды: дүкендер, мейрамханалар, сұлулық салондары. Ермағанбет Бөлекпаев келушілерге қызмет көрсету мәдениетін арттыру қажеттігін атап өтті.

Туризмді дамыту үшін сапалы жол инфрақұрылымының да маңызы зор. Облыс әкімі көпірге апаратын қаланың кіре берісіндегі жолды кеңейтуді тапсырды, өйткені онда көліктер көп жиналады немесе қосымша белгілер қарастырылады.

– Осындай форматта жиі кездесетін боламыз. Барлық мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Қала Қарағанды облысының туристік орталығына айналуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *