«Уақыт» құндылығы

«Бос уақытты өткізу мәдениеті» тақырыбында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы М.Оспангалиева ТМО-24-2 тобының студенттеріне танымдық сабақ өткізді.

Сабақтың басты мақсаты – студенттерге бос уақытты тиімді, мәдениетті және саналы түрде өткізуге үйрету, әр түрлі шара мен демалыс түрлерін талқылау арқылы әлеуметтік және мәдени дағдыларды дамыту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін іске асыру. Білімділік – студенттерге қазақ тілін оқыту, үйрету барысында олардың коммуникативтік біліктілігі, ойлау қабілеті мен өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық – студенттердің сұрақ қою дағдыларын дамыту, ашық және жабық сұрақтар арқылы талқылауды ұйымдастыру, нақыл сөздер мен мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік – өз уақытын тиімді пайдалануға, орынды жұмсауға үйрету. Адам өміріндегі уақыттың алатын орны туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, «Уақыт» ұғымы құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Оқытушы сабақ барысында студенттерге тақырып бойынша көптеген ақпарат берді. Бос уақыт – жұмыстан, қызметтен, оқудан тыс демалатын кез екені айтылды. Бос уақытты ұйымдастыру үшін – саяхат, мәдени шаралар, спорт және ойын-сауық орындары бар екенін айтып, оқуды тиімді пайдалану қажет екенін ескертті. Студенттерді бос уақытты тиімді өткізудің ең еркін түрі екенін айта отырып, шығармашылықпен айналысуға шақырды.

Лайла КУЛЕЙМЕНОВА,

Әбілқас Сағынов атындағы

Қарағанды техникалық университеті

қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *