Ғылым мен инновация – аймақтық дамудың өзегі

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Жалпы, мемлекет өңірлерде ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше назар аударып отыр. Соған сәйкес әкімдерге ғылыми-технологиялық саясатты жүргізу құзыреті берілді. Аймақтардағы 11 жоғары оқу орнында академиялық артықшылық және зерттеу орталықтары құрылып жатыр. Бұл орталықтар баламалы энергетикадан бастап биотехнология саласына дейін әртүрлі бағыттар бойынша маңызды зерттеулер жүргізетін болады. Түптеп келгенде, біз білім-ғылымды өзгелерден құр көшіріп алмай, өзіміз жасауымыз керек. Әлемдік ғылымда өзекті зерттеулер жасай алатын ғалымдар буынын тәрбиелеуіміз қажет.