«Ғылым және білім – қазіргі жағдайдағы қоғам дамуының маңызды факторы»

Ғылымы дамыған ел алға қарай алшаң басады. Бүгінде ғалым болған жастардың да саны артып келеді. Бұл – еліміздің өркендеуіне тікелей жол.

12 сәуір Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Осыған байланысты бұл күні Ғалымдар мерекесі ретінде атап өтіледі.

Дәл осы күні Орталық Қазақстан академиясында «Ғылым және білім – қазіргі жағдайдағы қоғам дамуының маңызды факторы» атты дәстүрлі ХІ-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиынға қатысып, ғылыми баяндама жасау үшін  биыл 100 өтініш түскен. Нәтижесінде 115 шетелдік және отандық қатысушылар 90 баяндама жасады.

Конференцияға 12 ғылым докторы, 38 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 17 профессор, 28 доцент, 27 ғылым магистрі, сонымен қатар, аспиранттар, докторанттар, тыңдаушылар, ғылыми қызметкерлер қатысты.

Алыс-жақын шетелден  Финляндия, Франция, Германия, Болгария, Чехия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Арменияның ғылым және тәжірибе саласында білім беретін жоғары оқу орындарының 64 өкілі, 50 отандық ғалым тәжірибелерімен бөлісті.

– «Ғылым және білім – қазіргі жағдайдағы қоғам дамуының маңызды факторы» атты ғылыми практикалық конференция биыл 11-ші рет өткізіліп отыр, дәстүрге айналған. Негізінде жыл сайын әр тақырыпта осы академияның төрінде 5-6 конференция өткіземіз. Бұл студенттерге ғана емес оқытушы құрамға да керек тәсіл.

Биылғы конференция Ғылым күніне орай өтуде. Бұл күні еліміздің атын алысқа шығарған, Ұлы тұлға, академик Қаныш Сәтпаев туған.

Бұл – ғылым мен білімді дамытуға зор әсерін береді. Осыған байланысты конференцияда баяндамалар талқыланды,  – дейді Орталық Қазақстан академиясының профессоры Шыныбек Құсайынов.

Конференция дәстүр бойынша онлайн және офлайн форматта өтті.

Конференция барысында Шахновская Оксана Владимировна – Орталық Қазақстан академиясының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының магистрі, доцент, Верезубова Татьяна Анатольевна – экономика ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры (Минск қ., Беларусь Республикасы), Акопян Армен Суренович – Ресей-Армян университетінің орыс тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің академигі (Ереван қ., Армения Республикасы) Мұстафина Толғанай Вагизовна – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы PhD (Астана, Қазақстан), Сәрсенбеков Нұрсұлтан Жұмабекұлы – PhD философия докторы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті (Қарағанды, Қазақстан), Юлдашев Фахриддин Абдувасытұлы – жастар ісі жөніндегі тәрбие және жұмыс жөніндегі бірінші проректор философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық тағамдық технологиялар және инженерия институтының доценті (Ферғана, Өзбекстан Республикасы),  Нұғман Бахредден Ғабдылбақиұлы – ф.ғ.к., Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті (Қарағанды, Қазақстан) сөз сөйлеп, баяндамашыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, конференцияға Астанадан Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университеті, Талдықорғаннан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ақтөбеден Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті және аймақтық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Болашақ Академиясы және шараны жүзеге асырып отырған Орталық Қазақстан академиясының өкілдері қатысып, білген, түйгенін ортаға салды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми жұмыстар, мақалалар мен баяндамалар жинағы құрылып, ғылыми әдістемелік журнал кітапханаға берілмек.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *