Қызмет алушы құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету  сапасын бағалауды және бақылауды жүзеге асырады. Бақылау шараларының бірі – қашықтықтан бақылау.

Департаменпен жүргізілген қашықтықтан бақылау шаралары нәтижесінде қызмет алушыға «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «комиссия құрамының толық болмауына» байланысты негізсіз бас тартқаны анықталды.

Департаменттің араласуы арқасында қызмет алушыға мемлекеттік қызмет заңнама талаптарына сәйкес көрсетіліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмірлері:8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.

С.ШЕРИМБАЕВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *