ЗАМАНДАС КЕЛБЕТІ

Өзіңді байлығыңмен емес, адамгершілік ісіңмен сыйлата біл деген

БауыржанМомышұлы.

 

Жақсының аты артына тастан сарай қалдыруымен ғана емес, күншуағындай жайлы мінезімен, қамқорлық қайырымдылығымен, бір ауыз жылы сөздерімен адамдар есінде қалады емес пе?! Адамның бойында имандылық, мейірімділік жылуы мен жан шуағы бірге төгілгенде, ішкі дүние тазалығы мен бірге қуаттанып, жанындағыларға қуаныш сыйлайды.

Омарова Күләндам Әбжанқызы Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің жатақхана меңгерушісі. Күләндам табиғаты сұлу Көкшетаудың тумасы. Осы оқу орнында отыз жылдай тапжылмай еңбек етіп келеді. Бұл оқу орнының 100 жылдық тарихы бар.   Ол басқаратын бес қабатты жатақханада, төр тжүздей студент тұрып жатыр.  Сонымен бірге Күләндам Әбжанқызының қарамағында жиырма адам еңбек етеді. Күнделікті өмірде әртүрлі оқиғалар кездесіп тұрады емес пе, соның барлығын ақылмен, адами көңілмен, адамгершілік мінезбен, терең түсіністікпен ұжыммен ақылдаса отырып, шешуге тырысады. Өзі жаны нәзік сезімтал ана, әже ретінде әрбір алдына келген адаммен жеке сөйлесіп, ақыл – кеңесін айтып отырады.

Тарих болып қалған тізбегі, Көңілден көшпес күздері. Естелік болар мәңгілік, Өмірдің өшпес іздері…

Иә, адамдардың түсінік, ұғымдары олардың өмір тіршіліктерінде үнемі басшылыққа алатын күштерінің бірі.

«Жақсының жүзі – жылы» дегендей,  күнделікті арайланып ататын өмірімізде жылы сөздер мен жарқын жүзді адамдарды жолықтырсақ қуанып қаламыз. Әрбір күндеріміз жылылық пен жақсылықтарға толы болсыншы! Адамның күнбе-күнгі тіршілігінен, рухани бейнесінің бет – бейне сәулесі көрініп тұрады.

«Ардагерлер еңбек еткен бұл жерде, Студенттердің көңілінен шығатын. Ардагерлердің ізін басып келеді, Қызметкерлер, жастар жанын ұғатын!

Ұлы Абай есімімен атанып, Академик, докторлардан бата алып. Колледждердің көшін бастап келесің, Жоғары сыныпты колледж деген атың бар. Атақ даңқың шар тарапқа тараған, кім бар екен оқығандарды санаған? Ғасыр тойың кұтты болсын колледжім, Заман мынау, барлығы да жаңарған», – деп, ардагер ақын ата, қолөнер шебері, осынау оқу орнындағы музей  меңгерушісі болып көп жылдар бойы қызмет атқарған Адамжан Мұсабеков жырлағандай,  заманауи үлгіде жабдықталған жатақхана студенттердің алаңсыз білім алып, демалуларына жақсы жағдайлар жасалынған.

– Ата-анадан жырақты өмір сүріп жатқан студенттерді жақсылыққа тәрбиелеу, дұрыс жол көрсету өмір талабы. Өсіп келе жатқан жастарды күнделікті өмірде кездесетін құбылыстардан, күтпеген оқыс оқиғалардан шығу жолдарын ұғындырып отыру, ғибрат алатын жақсы өнегелі істерді үлгі тұтатындай салт-саналық жағынан тәрбиелеу кезеңдері де кездесіп турады. Біздің ұжымда көп жылдар бойы Роза Болатқызы, Елена Евгеньевна, Роза Мұхаметжанқызы, Рымхан Әбдікәрімұлы сияқтыең бекқор, елгезек, жанашыр адамдар жұмыс атқарады, – дейді бізбен сұхбатында тәжірибелі маман Күләндам Әбжанқызы.

«Бар кезде де, тар кезде де жақсылық жаса, Өмірдің мәні сол екенін ұқтырып. Қолыңнан келсе жақсылық жаса, Өзгермеудің өзі білсең мықтылық» – демекші,  адамдардың өмірге деген көзқарастары, сол өмірдің құбылыстарын түсіну қабілеттерінө згертеді – міне,  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегеніміз, осындай адал еңбегі мен жарқырап жүрген, замандасымызға арнап айтылғандай.

Рымтай ШӨКЕЙҚЫЗЫ,

Журналистер одағының мүшесі.

Саран қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *