Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыста Департаменттің 2025 жылдың екінші жартыжылдығында жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұйымдастыру мен ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Шет ауданы әкімдігі мен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және олардың көрсетілу стандарттарының сақталуына бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.
