Жаһандану дәуіріндегі логистиканың рөлі

Қазіргі жаһандану дәуірінде тауар мен қызметтің уақытында, сапалы әрі тиімді жеткізілуі – экономиканың басты талаптарының бірі. Осы үдерісті ұйымдастыратын маңызды сала – логистика. Логистика мамандығы – жүк тасымалы, қойма, жеткізу, кедендік рәсімдер мен ақпараттық ағындарды басқаруды қамтитын кешенді кәсіп.

Егер сіз ұйымдастыруға қабілетті, жауапкершілігі жоғары, заманауи технологияларға қызығатын болсаңыз – логистика сізге арналған мамандық! Логистика – тек тасымал емес, ол – стратегиялық жоспарлау, тиімді басқару және халықаралық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігі. Бұл салада бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға толық мүмкіндік бар.

Мамандықтың  артықшылықтары:

  1. Шығындарды азайту. Дұрыс ұйымдастырылған логистика тасымал, сақтау және жеткізу шығындарын қысқартады. Маршруттарды оңтайландыру арқылы уақыт пен қаржы үнемделеді.
  2. Уақытты тиімді пайдалану. Тауардың дер кезінде жеткізілуі – бәсекелестіктегі басты артықшылық. Логистика процестерді жоспарлап, кешігулердің алдын алады.
  3. Қызмет сапасының артуы. Жүйелі логистика тұтынушы сұранысын тез орындауға мүмкіндік береді. Бұл компания беделін арттырады және сенімділікті күшейтеді.
  4. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Тиімді жеткізу жүйесі бар кәсіпорындар нарықта басымдыққа ие болады. Жылдам әрі сапалы қызмет көрсету – табыстың кепілі.
  5. Халықаралық байланыстарды дамыту. Қазақстан географиялық тұрғыдан Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік дәлізінде орналасқан. Бұл логистика саласының дамуына және халықаралық сауданың кеңеюіне мүмкіндік береді.
  6. Қойма мен қорды басқаруды оңтайландыру. Логистика артық тауар жиналып қалмауын қадағалап, қойма жұмысын жүйелейді. Нәтижесінде айналым жылдамдайды.
  7. Экономикалық өсімге ықпал ету. Тиімді логистика ел экономикасының дамуына, өндіріс көлемінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді.

Логистика – ел экономикасының күретамыры. Бұл мамандықты таңдаған жас маман тек тасымалды емес, тұтас экономикалық үдерісті басқаруға үлес қосады. Сондықтан логистика – болашағы бар, беделді әрі жауапты кәсіптердің бірі.

Уақытыңызды босқа жібермеңіз! Болашағы бар, сұранысқа ие мамандықты таңдаңыз!  Осы перспективалы мамандық бойынша білім алғыңыз келсе, сізді «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ   шақырамын.

Логистика мамандығы сізге аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіруге және заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі