ЖАСАНДЫЛЫҚТАН БАС ТАРТУ: ТҮПНҰСҚАҒА ҚҰРМЕТ

Қазіргі заманда ақпарат пен өнімнің шексіз ағынында адамдар жиі жасанды дүниелерге тап болады: жалған ақпарат, көшірме тауар, жасанды сұлулық стандарттары, тіпті тұлғалық жасандылық. Осындай ортада түпнұсқаға құрмет — адамдық құндылықтардың, шынайылықтың және мәдени сананың көрсеткіші.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с тобының студенттері арасында топ кураторы Қ.Қ.Нұржанованың ұйымдастыруымен «Мен түпнұсқаны таңдаймын» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті.
1. Байқаудың мақсаты — авторлық құқықты насихаттау, жасанды көшірмеге қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Студенттерді түпнұсқа өнімді — кітап, музыка, фильм, өнертуынды, бренд, идеяны бағалауға тәрбиелеу.
Жастардың шығармашылық қабілетін, медиасауаттылығын дамыту.
Түпнұсқа мен көшірменің айырмашылығын түсіндіру арқылы сапа, адалдық, әділ еңбек құндылықтарын дәріптеу.
Негізгі мәні:
Түпнұсқа өнім — сапа, қауіпсіздік және сенімділік.
Түпнұсқа тауарлар тексерістен өтеді, денсаулыққа зиянсыз, ұзақ уақытқа жарамды.
Көшірме өнім — сапасыз, қауіпті және заңсыз.
Жалған тауарлар адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін және авторлық құқықты бұзады.
Авторлық құқықты сақтау — өнер мен шығармашылықты қолдау.
Әрбір кітаптың, әннің, бейнематериалдың артында еңбектенген адам тұрады. Түпнұсқа туындыны сатып алу — сол адамның еңбегін бағалау.
Жастардың таңдау мәдениеті қалыптасады.
Ақпараттық ғасырда әр адамның саналы таңдау жасап, сапалы дүниеге бет бұруы — қоғам дамуының негізі.
«Мен түпнұсқаны таңдаймын» — тек дұрыс өнім таңдауды ғана емес, адалдықты, сапаны, автор еңбегіне құрметті насихаттайтын қозғалыс.
Әр адам түпнұсқаны таңдаса — қоғамда сапа артады, жасанды өнім азаяды, мәдениет дамиды.
Жасандылықтан бас тарту — саналы таңдау. Түпнұсқаны құрметтеу арқылы біз өзімізді, қоғамды, мәдениетті, болашақ ұрпақтың құндылықтарын
қорғаймыз.
Шынайылық — адамның да, қоғамның да ең үлкен күші.

Меңдігүл ОСПАНҒАЛИЕВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі