Бүгінде контрафактілік өнімдер қоғамға елеулі қауіп төндіреді. Тауар сапасының төмендігі, заңсыз айналым, экономикалық шығындар – мұның барлығы ел дамуына кері әсер етеді. Сондықтан жастардың контрафактіге қарсы тұруы аса маңызды.
Жастар – жаңашылдық пен әділдіктің символы. Олар сапалы өнімді таңдауға, заңды қолдауға, зияткерлік меншікке құрметпен қарауға шақыра алады. Контрафактіге қарсы күрес тек мемлекеттік деңгейде емес, әр азаматтың таңдауынан басталады. Саналы жастар құқықтық сауатты болып, жалған тауарлардың алдын алуға белсенді атсалысса, қоғамда адал еңбек пен сапалы өнім мәдениеті қалыптасады.
2025 жылдың желтоқсан айында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының кураторлары Қ.Қ. Нұржанова (ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с), Л.М. Күлейменова (ТТ-25-1), М.Т.Оспанғалиева (ТТ-25-2, ТТ-25-2с), А.Ж. Жалдыбаева (ЛОГ-25-3), Н.А.Қоңырова (ОП-25-1, ОП-25-1с) «Толыққанды адам» білім беру курсының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 05 желтоқсанында куратолық топ студенттерімен «Жастар контрафактіге қарсы» тақырыбына челлендж өткізді.
Челлендждің мақсаты:
- Жастар арасында контрафактілік өнімдердің зияны туралы ақпараттық түсінік қалыптастыру;
- Сапалы және заңды өнімді таңдауға ынталандыру;
- Құқықтық сауаттылықты арттыру және зияткерлік меншікке құрмет сезімін дамыту;
- Контрафактіні анықтау дағдыларын меңгерту және саналы тұтыну мәдениетін насихаттау;
- Жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қоғамдағы заңсыз өнімдерге қарсы тұруға жұмылдыру;
- Әлеуметтік желілер арқылы адалдық пен түпнұсқа мәдениетін кеңінен тарату.
Біз адалдықты, сапаны және жауапкершілікті қолдаймыз!
Жалған өнімге – нақты қарсылық танытайық!
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
