Жеңіс күніне арналды

Жуырда кентімізде  «Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ақадыр доңғалақ цехы» филиалының жүлдесі үшін үстел теннисінен ашық біріншілік өтті. Аталған шара 9 мамыр  Жеңіс күніне арналды.  

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған спорттық додаға Қарағанды, Балқаш, Саран қалаларынан, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданынан,  Шет ауданының Ақадыр, С.Сейфуллин кенттерінен, Үңірек ауылынан барлығы 74 қыздар мен ерлер қатысты. Жалпы біріншіліктің ережесі бойынша 5-6 сыныптарда оқитын оқушылардан бастап езгде тартқан спортшыларға дейін қатысқанын атап өтуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл жастағы адамдар жарысқа қамтылды.

Біріншілікке сонымен қоса үстел теннисінен Қарағанды облыстық паралимпиада федерациясының президенті, екі дүркін республика чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Буров Б.А., паралимпиадашылар, үш дүркін еліміздің жеңімпазы, спорт шебері Вайман А.С., республика чемпионаттарының жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер Калайчиди Д.А. қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Таң атқаннан кешке дейін созылған бәсекеде 5-6 сынып оқушылары арасында І-ІІ-ІІІ орындарды ұлдар Орал Ж., Қайрат Н., Осман С., қыздар арасында Көшербаева С., Бидолда А., Совет А., 7-8 сыныптар ұлдары арасында  Бажиков А., Қаракекіл Б., Қайрат Н., қыздар арасында Жеңіс И., Жарылғап М., Сапуан Ә., 9-11 сыныптар ұлдары арасында Ермахан Е.,  Көшербаев Т., Абрилов Ж., 18 жастан жоғары деңгейде қыздар арасында Кегенбай Ұ., Кенжебаева Н., Ерназарова А., ерлер арасында Темірхан А., Вайман С., Шырақбаев С., 31 жастан жоғары деңгейде  ерлер арасында Мұсабеков Т., Ермолаев Е., Демьянов П. өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер тарапынан дайындалған арнайы кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Қалижан БЕКХОЖИН,

Ақадыр кенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *