Жерлесіміз Гран-при иегері

Қырғызстанда өткен «Әнші Ыстықкөл – 2024» халықаралық авторлық ән фестивалінде жерлесіміз Қуаныш Мақсұтов Гран-при иегері атанды.

Мұнда АҚШ, Мальта, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қырық сегіз орындаушы бақ сынасты.

– Биыл «Ұлттық ән авторлары» жаңа аталымы енгізілді. Мен «Қотыр тайды» орындадым. Қазылар алқасы өте мықты болды. Оның құрамына Александр Городницкий, Анэс Зарифьян және Владимир Глазунов кірді. Қазылар алқасы барлық қатысушыны алдын-ала тыңдап, ең мықтыларын таңдады. Сондай-ақ фестивальде жеке концерт беруге мүмкіндік туды, – деді Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, ақын Қуаныш Мақсұтов.

Жерлесіміз аталмыш фестивальде өзінің авторлық әндерін шырқаған.

«Қазақ тілінде орындаған туындыларымды жоғары бағалаған Халықаралық қазылар алқасына мың алғыс! Бұл – әлемге танымал ән авторлары мен орындаушылар, бардттар қатысқан өнер додасындағы қазақ барды мен шансонының, қазақтың авторлық әнінің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі», – дейді Қуаныш ақын.

Сонымен қатар,  аталған фестивальдің «Ұлттық әндер авторы» аталымында өнер көрсеткен тағы бір қарағандылық өнерпаз Сұлупаң Сұлтанова «Іңкәр көңіл» әнін орындап, халықаралық фестивальдың дипломанты атанды.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *