Жол картасы партия бақылауында

Қарағанды облысында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына 137 шара енгізілді. Бұл негізінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар. Көп бөлігі орындалды, 16 проблемалық мәселе партияның бақылауында қалып отыр. Оларды шешу жолдары аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың, басқарма басшыларының қатысуымен өткен партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды.

Бүгінгі таңда облыста 44 партиялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Биыл олардың санын ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл қоғамдық мониторингті күшейтуге және нысандардағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Маңызды жобалардың іске асырылуына сондай-ақ мәслихат депутаттары да мониторинг жүргізеді. Соның ішінде мектептер, спорт кешендері, медициналық нысандар құрылысы бар.

Мәселен, облыстық мәслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Қадиша Оспанова мектеп құрылысы, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да назарда екенін айтты.

Қазір Қарқаралы ауданының Талды ауылындағы мектептің құрылысы бақылауда. Ескі ғимарат апатты деп танылып, жаңасының құрылысы созылып кетті. Нысанды биыл пайдалануға беру керек.

Абай ауданында ҚТҚ полигонының құрылысын аяқтау қажет.

Отырыста Теміртаудағы экологияға қатысты жағдай да талқыланды. Жол картасы тармақтарының бірі Qarmet компаниясының қызметінен атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту болып табылады.

Атап өтілгендей, меткомбинаттың табиғи газға көшуі экологияны жақсартуға көмектеседі.

– Бұл жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жеке тұрғын үй секторын газдандыру аяқталады. Тағы бір мәселе – өнеркәсіптік қалдықтар. Кәсіпкерлікті қолдау аясында металлургиялық кластермен байланысты, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды субсидиялайтын боламыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков бірлескен күш-жігер арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын, ал проблемалық мәселелер биліктің назарында екенін атап өтті.

– Жол картасы әлеуметтік әлеуетті жақсартуға бағытталған. Оның әрбір тармағы — халықтың болашағы, тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін нақты жобалар, – деп атап өтті ол.

Әділ БЕК

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *