29 наурызда қалалық мәслихат депутаттары кезекті XVII сессияда Қарағанды қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын төлеудің жаңа сараланған тарифін мақұлдады.
Ол мамыр айында күшіне енеді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қала автобустарында жол жүру құны 100 теңгені, ал қолма-қол ақша үшін – 200 теңгені құрайды.
– Қалада ағымдағы тариф – 80 теңге 2014 жылғы қаңтарда, 10 жылдан астам уақыт бұрын белгіленген. Тасымалдаушылардың негізгі шығындарының құны орта есеппен үш есе өсті, олардың қатарында: жанармай, шиналар, жағармай және жалақы. Шығындардың ұлғаюы, жылжымалы құрамды жаңарту, жаңа маршруттардың іске қосылуын субсидиялау қажеттілігінің өсуіне әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ субсидияларға қажеттілікті және бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін біз жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу үшін 20 теңгеге және қолма-қол есеп айырысу кезінде 200 теңгеге дейін тарифті арттыруды ұсынамыз, – деді сессияда Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қожақапанов. – Өсім 25 пайызға артады.
Бүгінгі таңда субсидиялау үшін пайдаланылатын орташа есептік тариф 375 теңгені құрайды. Бұл ретте кейбір шалғай бағыттар жүргізушілердің жалақысын да өтемейді, деп атап өтті спикер.
Тарифті көтеру – мәжбүрлі шара, деп атап өтті сессияда Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов. Жол ақысын көтеру арқылы ғана тасымалдаушылар көрсетілетін қызметтердің сапасын сақтай алады.
– Бірнеше жыл бұрын кейбір маршруттар қысқартылып, автобустар жолда бұзылып, желіге көліктің тиісті саны шықпайтын, – дейді Мейрам Кожухов. – Атқарылған жұмыстың арқасында біз бұл мәселелерді ішінара шеше алдық. Қазір жылжымалы құрам 80 пайызға жаңартылды, 328 автобус сатып алынды, оның 146-сы өткен жылы жаңартылды. ONAY! жүйесін енгізудің арқасында қалалық маршруттар оңтайландырылды, тасымалдаушылар жоспарларын алып тастады, жолаушылар жинау жарысы тоқтады. Танымал маршруттар жұмыс уақытын ұлғайтты.