Тәуелсіздік күні аясында Шет ауданының 34 отбасына жаңа үйдің кілтін алды.
Ақсу-Аюлы ауылында 26 адам баспана алған, оларға 3 және 4 бөлмелі пәтер берілді. Ақжал кентінде екі жаңа таунхауста сегіз отбасына үй берілді.
Жаңа қоныстанушыларға кілтті Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров табыс етті. Ол тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі.
«Тұрғын үй кезекте тұрғандар үшін арнайы салынған. Үйлер әрленіп, тапсырылған. Барлық пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі», – деп атап өтті аудан әкімдігінде.
Жаңа үйлердің айналасы асфальтталған. Жылумен жабдықтау үшін ортақ қазандық қарастырылған.
Биыл Шет ауданында 122 кезекте тұрғандар пәтер алды. Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.