500 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімі сатылды

Өткен сенбіде Қарағандыда «Ауыл Береке» дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы ашылды.

Бұл күні 538 тонна өнім сатылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасы.

Өз тауарларын жеті ауданнан 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, сондай-ақ қаланың қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды.

Орташа нарықтық бағадан төмен бағамен қарағандылықтар ет, көкөніс, картоп, сүт және балық өнімдерін, жұмыртқа және т. б. сатып ала алды.

Қарағандыда келесі «Ауыл Береке» жәрмеңкелері 24 қазан мен 2 қарашаға жоспарланған. Олар Global city СОО-да 134-ші есептік тоқсан, 921-ші құрылыс мекенжайы бойынша өтеді.

Сауданың басталуы сағат 09:00-де.

Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.

Тоғызыншы қарашада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Приозерск және Саран қалаларында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *