Header Banner

Көшпелі өркениет негізінде Қазақстан тарихын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық тарихты оқыту – жастардың тарихи жадын қалыптастырудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды тетігі. Әсіресе бейінді емес жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту студенттердің кәсіби бағытына тікелей қатысты болмағанымен, олардың дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық позициясын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Осы тұрғыда элективті курстардың маңызы арта түседі.

2026 жылдың 29 маусымында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бейінді емес жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту: «Көшпелі өркениет тарихындағы Қазақстан» элективті курсын оқытуға арналған әдістемелік семинар өтті.

«Көшпелі өркениет тарихындағы Қазақстан» элективті курсы – қазақ халқының тарихи дамуын көшпелі өркениет контекстінде қарастыра отырып, студенттерге ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Семинар барысында оқытушылар элективті курсты жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін талқылап, инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Оқыту барысында пікірталас, жобалық жұмыс, кейс-талдау, тарихи деректермен жұмыс жасау сияқты белсенді әдістер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар цифрлық платформалар мен мультимедиялық ресурстарды қолдану студенттердің оқу мотивациясын арттыруға ықпал етеді.

Мұндай шаралар білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Гүлмира САҒАТОВА

Қарлығаш НҰРЖАНОВА