Логистикадағы жасанды интеллект

Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) көптеген салалардың дамуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Соның ішінде логистика саласы да цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, тасымалдау, қойма басқару, қорларды жоспарлау және жеткізу үдерістерін жетілдіруде. Жасанды интеллект үлкен көлемдегі ақпаратты жылдам талдап, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан ЖИ логистиканың тиімділігін арттыратын маңызды технологиялардың біріне айналып келеді.

«Әбілқас сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультеті ЛОГ-26-3 тобының кураторы Қ.Қ.Нұржанова 2026 жылдың 05 қарашасында «Толық адам» білім беру курсының кураторлық сағатында ЛОГ-26-3 топ студенттері арасында «Логистикадағы жасанды интеллек» тақырыбында презентация сайысын өткізді.

Суденттер «Логистикада жасанды интеллектті қолдану», «Жасанды интеллекттің артықшылықтары», «ЖИ қолданудың қиындықтары» сияқты бағыттарда презентациялар қорғалды.

Логистикада жасанды интеллектің қолдану аясы кең. Ең алдымен, ол сұранысты болжау үшін пайдаланылады. Арнайы алгоритмдер бұрынғы сатылымдар, маусымдық өзгерістер, нарықтағы жағдай және басқа да деректерді талдау арқылы болашақтағы сұранысты болжауға көмектеседі. Бұл кәсіпорындарға қажетті тауар көлемін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Екінші маңызды бағыт – көлік бағыттарын оңтайландыру. ЖИ жол жағдайы, қашықтық, көлік жүктемесі және жеткізу мерзімі сияқты факторларды талдап, тиімді бағыттарды таңдауға көмектеседі. Нәтижесінде отын шығыны мен тасымалдау уақыты қысқаруы мүмкін.

ЖИ-ді логистикаға енгізудің бірнеше маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, ол адамның қол еңбегін азайтып, қайталанатын операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеу арқылы басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Үшіншіден, логистикалық шығындарды төмендетуге мүмкіндік бар. Мысалы тиімді маршруттарды таңдау арқылы жанармай шығынын азайтуға, ал сұранысты дәл болжау арқылы қоймадағы артық тауар көлемін қысқартуға болады.

Төртіншіден, ЖИ клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі. Чат-боттар тапсырыстың мәртебесі туралы ақпарат беріп, клиенттердің сұрақтарына тәулік бойы жауап бере алады.

Болашақта ЖИ автономды көлік құралдары, ақылды қоймалар, роботтар, цифрлық платформалар және нақты уақыттағы деректерді талдау жүйелерімен бірге қолданылуы мүмкін. Бұл логистикалық процестердің одан әрі автоматтануына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, топ студенттері жасанды интеллект логистика саласының даму бағытын өзгертіп жатқан заманауи технологиялардың бірі екенін білді. Ол сұранысты болжау, маршруттарды жоспарлау, қойманы басқару, шығындарды азайту және клиенттерге қызмет көрсету сияқты көптеген процестерді жетілдіруге мүмкіндік беретінін түсінді.

Гүлмира САҒАТОВА

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ