МЕДИЦИНА САЛАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қатысты бірқатар маңызды міндет айтылды. Негізгі назар алғашқы медициналық көмекті дамытуға, учаскелік дәрігерлердің жалақысын көтеруге және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға аударылды.

  1. Учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40%-ға дейін өседі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үздіксіз еңбек өтіліне қарай учаскелік қызмет мамандарының жалақысын 40%-ға дейін арттыру тапсырылды. Бұл шара 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің табысын көтеруге бағытталған.

  1. Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейеді.

Отбасылық және жалпы практика дәрігерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту көзделген.

  1. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артады.

Алғашқы медициналық көмек жүйесін қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту міндеті қойылды.

  1. Ана мен бала денсаулығына көңіл бөлінеді.

Ел бойынша сегіз заманауи перинаталдық орталық және жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланған.

Маңыздысы: Жолдаудағы 40%-ға дейін көтеру туралы тапсырма барлық дәрігерлердің жалақысын бірдей 40%-ға арттыру дегенді білдірмейді. Ол учаскелік қызмет мамандарына және олардың үздіксіз еңбек өтіліне байланысты қарастырылған. Нақты есептеу тәртібі тиісті іске асыру құжаттарына байланысты болады.

Аңғар СМАҒҰЛ