«Су түбінен асыл тас су толқыса шығады, ой түбінен асыл сөз ой толқыса шығады», дейді, ойдың тереңділігін білдірген халықтың даналық мақалы. Осы ғибрат сөзге бүгінгі көз қарасымыз қандай? Кітап — білім бұлағы дегенге, адамның ой- санасы тұрақтылық білдіре ме?
Заманауи кітап, кітап өндірісі, әсіресе жазушылар қауымының қаламұш еңбектері кеңінен дамыған әлемде, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оны салалық бағытта жинақтау, тарихи қалыптасқан кітапханалар жүйесінің берекелік орны ерекше екенін білдіру.
Оқырман ортасы сарқылмас, бар ғажаптың мекені, бұлақ көзі – сондықтан кітаптың қажеттілігін байқамауға болмайды. Сол себептен бүгінгі оқырман, жастар қауымы, қолжетімді ұялы телефон жүйесінен тек қолдаушы ақпаратты пайдаланып, әр адамның рухани жүйелік қажеттілігін ұмытқылмағанын орта көрсету қажет, оған мемлекеттік қамтудың толық мүмкіншілігі бар.
Кітап оқу – рухани дамудың, ой-өрісті кеңейтудің және ұлттық құндылықтарды терең түсінудің маңызды жолы. Әрбір оқылған кітап адамға ой салып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сол ықпал қайдан келді, себепкер болған кімдер, қалай қалыптасты десек: біріншіден,- Отырар атыраптарының көз бұлағының бірі ғалым мен ғылымның кең жағдайы болса, екінші,- Отырардың тағы бір байлығы оның кітап базары болатын, төрт тараптан тасымалдаған жазба жәрменкесі осылай пайда болды.
Түркістан – Отырар – Арыстанбап, осы үшеуі бірімен бірі ежелден кіндіктем мекендер. Арыстанбап — ертедегі аңыз бойынша Қожа Ахмед Иассауидің ұстазы болса керек. Отырар – әл Фарабидің туған жері. Түркістан – қатар жатқан, жақын, жалғас мекендер.
Отырар, аспан құшқан алып бейнелі Алатаудың алыстағы арқаға өзінің мейрімді қолын созып тұрған сияқты. Сол алып қолдың жылы қойнауы мен аяулы аясы ежелгі Тұран елінің алтын бесігі деп танылады. Осы аймақтың Отырар қонысы да, жайлаған өрісі де, тауы мен тасы да, суы мен саласыда бір мейрімді анадай, ақылы дария данадай көрінеді де тұрады дейді.
Отырар қаласы Арыс пен Сыр бойындағы елдің ежелден келе жатқан үлкен қатынас, сауда жолдары бойындағы бір белгілі орын. Осымен байланысты сауда-саттық базардың дәуірлі қызған кездері көрінетін. Соның бір байлығы, Отырардағы кітап базары болатын.
Төңіректің төрт бұрышынан келіп-кетіп жататын керуендер арасында кітап саудасын кәсіп ететіндері көп болған. Бір жағы Бағдад-Мысыр, екінші жағы Қытай-Индиядан, үшінші жағы Еділ-Бұлғардан, төртінші жағы – Римнен жеткен товарлар арасынан әлде неше түрлі мазмұнда жазылған кітаптар келетін, солармен Отырардың кітап базары ежелден келе жатқан бір дәстүрлі сауданың түбірлі ортасы болған. Ерте заманда осыншама мол кітапты бір жерге жинап, кітапхана жасап ашқан – Әмір ғалым бұйрық берген. Сонан бері қарай көп ғасырлар бойында жиналған кітаптар Әбу Насыр әл –Фараби заманында үлкен қазынаға айналған.
Әмірдің үй ішінің жеке меншігіне айналған кітапхана, басқа адамдардың оған кіруге мүмкіндігі болмаған. Кітапхана есігі тек сұлтанның Әмірі бойынша жылына бір рет, Наурыз күні ғана ашылатыны бір ерекшелік білдіреді.
Кітаптар алуан түрлі. Әбу Насыр кітаптан басын алмастан оқитынның себебі, жаны сүйіп, жақсы түсінеді.
Бір күні Әбу Насырдың қолына тамаша бір кітап түседі. Сыртында Ильяс Мағриби деген жазуы бар, кітаптың аты: «Адамның Аспани табиғаты» деген, ескі кітапта қою хына сиямен жазылған жазулар өшетін емес едәуір айқын көрінетіне көзі жеткен.
Кітаптың шығуы, өндіріліп тарауы, мән мағынасы, рухани қажеттілігінің тамыры ерте замандардан келе жатқан тәжірибе, әулие мен пайғамбарлардан қалған өнер деп басталып, әрі қарай аспан әлемінің қасиеттері айтылады, кейін адам табиғатына түседі. Аспан шырақтарының адамға қалай әсер ететіні айтылған тарихи жазба.
Кітапта қауымдасқан жаңа тарихи жазбалар бүгінгі ХХІ ғасырда ерекше түсінік, тұрақты дерек, нақты есімдер, тіл біткен оқиғалар, жыр мен әуенге толы табиғаты, жер мен суы, нуланған тал мен тауы, тәжірибелі тәрбие көріп, мінезі қалыптасқан біртуар халқы, міне заманауи ортаның белде тұрған беделі.
Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы, Ақорда кеңсесінде 2026 жылдың 16 мамыр күні №1279 Жарлығына сәйкес адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қаблетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсаты қойылған еді.
Бұл дарынды жоспарды орындау жоғарыда белгілеп өткен ортаның мүддесі. Біріншіден, жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеу ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындар қолдау көрсетіп, ықтиярлы еңбектерін қалам ұшына ұстап, әдеби тілмен жеткізу, адалдық пен азаматтықты, парасат пен әділдікті ту еткен ақын, жазушылар, қаламгер қауымы қастерлеген құндылықтар мен адами қарам-қатынастағы ұстанымдарынан, әлеумет ортаның мінез-құлқынан заманауи оқырманға сыр шерту, кәсіби жазушы ұлттық әдеби мұраны ел ішіне, әсіресе білімге ынтасы бар, білгерліктің ізін басқан жастарға насихаттау қажеттілігі осы құқықтық заң жүйесінде қолданыс табуда.
Екіншіден, мемлекеттік билік жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлеп және оларды жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Себебі, халықтың әртүрлі санаттары, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқудың дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралы шешімдер іске асыруды қамтиды.
«Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ құрамында 5 кітапхана жұмыс істейді: Орталық қалалық кітапхана, №1 Отбасылық оқу кітапханасы, Ақтас кентіндегі №2 Отбасылық оқу кітапханасы, №3 кітапхана бөлімшесі және №4 кітапхана бөлімшесі.
2026 жылға арналған ОЖ қызметінің негізгі сандық көрсеткіштері бойынша оқырмандар саны 12490, оның ішінде балалар саны – 3910; жалпы кітап беру саны – 246000, келу саны – 136311 құрайды.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары халық арасында қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, ұлттық рухани мұраны жаңғырту және сақтау, отандық және әлемдік әдебиет пен мәдениеттің үздік жетістіктеріне баулу мақсатында кітапханалық 3 бағдарлама мен 11 жоба аясында жұмыс жүргізеді, сондай-ақ кітапханаларда қызығушылық бойынша 10 клуб және 7 үйірме жұмыс істейді.
2026 жылдың 9 айында офлайн форматта 9 896 адамды қамтыған 399 іс-шара және онлайн форматта 20 613 қаралым жинаған 37 іс-шара өткізілді.
Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар бекіп, «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы негізінде, мемлекеттік қызметкерлер, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту бағыты қолдануда. Тұжырымдама аясында 15 қыркүйектен бастап «Кітап оқитын ұлт» жалпы республикалық кітап оқу марафоны басталды. «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру аясында Саран қаласында ақпараттық-ағартушылық және мәдени-көпшілік іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда.
Саран қаласы бойынша «Оқитын ұлт» марафонына 2 773 адам тіркелген, оның ішінде 960 адам жобаға белсенді қатысуда.
Оқу мәдениетін насихаттау мақсатында қала кітапханаларында «Оқитын ұлт: бәрі маңызды» атты ақпараттық кездесулер, «Оқу мәдениеті – ұлт мәдениеті» тақырыбында пікірталас, «Менің үйім. Менің жерім. Менің Қазақстаным» атты дөңгелек үстел, «Кітап оқу ұрпақтарды біріктіреді» атты кітап таныстырылымдары және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік желілерде жоба туралы ақпараттық жарияланымдар мен бейнероликтер тұрақты түрде орналастырылып отырады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық бөлімшелерде тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы кітаптарды насихаттау бойынша ақпараттық-жарнамалық жұмыстар жүргізілуде.
ОКЖ кітапханашылары халықты тұрақты кітап оқуға тарту, іс-шараларды өткізудің жаңа форматтарын енгізу және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысты жандандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Оның ішінде: жаңа форматты кітапхана, көпфункционалды қоғамдық кеңестіктер, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді біріктіріп, оқырман инфрақұрлымын жаңа технология үрдісінде жаңғырту көзделуде.
Сонымен қатар, ұлттық әдеби мұраны жан-жақты насихаттау, ғылыми, идеологиялық танымал туындыларды сапалы аудару, басып шығару, жүйелі кітахана құрлымында оқырманның ауқымды аудиториясына жеткізу қажетті талап.
Тарих жолы жаңару үстінде. Жаңа дәуір, жаңа көзқарас, жаңа технология басымдылыққа ие болған кезеңде, қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде қоғамның рухани жетістіктері орынды болғай.
Серік МҰСТАФИН,
саясаттанушы, Қарағанды облыстық қазақ тілі және мәдениеті бірлестігінің мүшесі, Саран қаласы ақсақалдар кеңесінің мүшесі
