«Озат тәжірибе – ортақ іс»

Жақында  Осакаров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы мектебінде жылдық жоспарға сәйкес әдістемелік бірлестіктер арасында мектепішілік   «Озат тәжірибе – ортақ іс»  бірлестік форумы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты педагогтердің ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмысын жандандыру, педагогикалық шеберлікті арттыруға оқытушыларды біріктіру және ынталандыру.

Білім беру форумы – педагогикалық  жетістіктер көрмесін, дөңгелек үстел, шеберлік сыныптарын, конференция , семинар , практикум, мәлімделген тақырып бойынша презентацияларды қамтитын ашық педагогикалық іс-шара.

Форум педагогтардың, оқушылардың, олардың ата-аналарының қазақстандық білім беруді дамытудың басым бағыттары бастамашылық еткен мектептің білім беру үдерісіндегі өзгерістерді түсінуі үшін жағдай жасауға арналған.

Технологиялар мен экономиканың қарқынды дамуы білім беру саласына да қуатты серпін береді. Бүгінгі таңда мұғалімдердің уақыт талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды. Мұғалім әрқашан сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке болуы керек, бірақ әлемдік білім беру үрдістеріне сәйкес болуы қажет.

Форумға төрт әдістемелік бірлестік қатысты. Мектепке дейінгі білім беру бірлестігі Аравхан А., Сулейменова Д.Т., Тухметова А.Ж., Ақылбеков А.К. Бастауыш бірлестік Сапарова К.О., Булгучева В.А., Аманбекова К.Ж., Туякова Ж.Б., Асхар Ш., Жумабекова Д.Е., Ожан А.  Гуманитарлық бірлестігі Бисолтан П., Канапьянова А.С.,  Дурэмбай Р., Шакаева Д.Х., Шаривхан А.,  Мустафина К. Е., Камел Х. Аскер К. Жаратылыс – математика бірлестігі Мекеева А.Б. , Бисолтан А.,  Сартымбаева К.Т.,  Духий С.,  БисолтанХ.,  Кумарбек Е.М., Тусупбекова Г.С.  Шайзада С. Аравхан М.

Форум бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды 1 кезең Форумның ашылуы. 2 кезең «Талантты мұғалім-талантты оқушы». 3 кезең Сыныптан тыс жұмыстар. 4 кезең «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».

Форум педагогтарға, оқушыларға және олардың ата-аналарына арналған көрмелермен, байқаулармен, презентациялармен және басқа да іс-шаралармен сүйемелденіп, мектептің барлық педагогтары қатысты, олар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен, шеберліктерімен, балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі өз жетістіктерімен бөлісті.

Дамира АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

Осакаров ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *