«Бірлік. Заң. Қоғам» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда азаматтардың құқықтық және медиасауаттылығын арттыруға, қоғамдағы бірлік пен өзара құрмет мәдениетін нығайтуға бағытталған «Бірлік. Заң. Қоғам» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық білім деңгейін көтеру, сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық сауаттылықты арттыру және қоғамда кемсітушіліктің алдын алу.

Жоба еліміздің 10 өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана, Шымкент қалалары, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары.

Жобаның негізгі бағыттары:

Құқықтық және медиасауаттылықты арттыру;

Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту;

Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ақпараттық-ағартушылық іс-шараларға тарту;

Әлеуметтік желілер арқылы пайдалы ақпараттық контент тарату.

Жоба аясында семинарлар, тренингтер, ақпараттық кездесулер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөліне