Қарағанды облысында еріктілер ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлер тұратын үйлердің ауласын тазалап жатыр. Жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында жүргізілуде.
Саран қаласында жалғыз басты зейнеткерлерге А. Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік Парламентінің еріктілері көмек көрсетті. Акция барысында олар 30-ға жуық адамды қамтымақшы.
Жас ұрпақтан көмек алғандардың қатарында алғашқылардың бірі зейнеткер Олег Михеев болды.
– Мен зейнеткер шахтермін, жалғыз тұрамын. Балалар маған осыған дейін де бірнегере келіп, көмектескен еді. Сол үшін мен оларға шын жүректен ризамын. Бұл жолы олар бақшада жер қазуға көмектесті, бұл үлкен жұмыс. Біздің қалада осындай жанашыр жастардың бары өте жақсы. Қаланың барлық тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырамын, – дейді зейнеткер.
Акция басталғаннан бері Саранда барлығы 700 тоннадан астам қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды. Сенбілікке 1300-ден астам адам қатысты. 98 гектарға жуық аумақ жиналды, 27 рұқсат етілмеген полигон жойылды. Қала бойынша 13 жаңа қоқыс жәшігі орнатылып, 1050 ағаш және 500-ден астам бұта егілді.
Теміртауда «Шаңырақ» еріктілер орталығының еріктілері қарттар үйіне барды.
Олар үйдің аумағын және оның айналасын тазартуға көмектесті, қарттарға көңіл бөліп, қамқорлығымен қуантты.
«Сондай-ақ, еріктілер жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлеріне, соның ішінде Светлана Вавилованың үйіне барды. Оларға қолдан келгенше көмек көрсетілді. Біздің міндетіміз – жалғызбасты қарттарға қамқорлық жасау. Бұл үшін тек ниет болса жеткілікті, себебі шын көңілмен жасалған әрбір игі іс қарияларға зор болып көрінеді, – деп есептейді Теміртау әкімдігінде. – «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8–30 сәуір аралығында қала бойынша 300 гектарға жуық қоқыс жиналды, полигондарға 8537 тонна қоқыс шығарылды».
Теміртау бойынша ең көп ластанған 160 учаске анықталды, оның ішінде бүгінгі күні 105-і тазартылды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, қалада акцияның соңына дейін 5300 ағаш пен бұта егу жоспарланған. Бүгінгі таңда ескі қала саябағында, оң жағалауда, иесіз иттер баспанасы мен Жастар үйінің жанында 2365 көшет егілді
Шет ауданында санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда. Акция басталғаннан бері полигондарға 4,3 мың тоннадан астам қоқыс пен күл шығарылды. Осы аптада тағы мың тоннаға жуық ҚТҚ шығару жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда 3823 көшет пен 500 бұта егу жоспарланып отыр.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге арналған. Еріктілер 50-ге жуық адамды қамтуды жоспарлап отыр. Оларға күл шығаруға, қыстан кейін бақшаларды тазартуға және басқа да қажетті көмек көрсетеді», – деді аудан әкімдігі.
Осакаров ауданында «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ҰОС ардагері Анна Котованың ауласы жиналды.
Ә.Бөкейхан атындағы мектеп оқушылары мен еріктілер оның ауласына шырша отырғызып, үй мен қоршауды сырлап, ауласын қоқыстан тазартты.
Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.