4 маусым күні Орталық өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы саптық алаңға тізіліп «Қазақстан Республикасының рәміздер күнін атап өтті». Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы полковник Ильяс Сағындықов басқарды.
Салтанатты шара әскери жарғы талаптарына сай жеке құрамның мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңбаға түзеліп, ән ұранды шырқаумен басталды.
Салтанатты шеруде Орталық өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі полковник Берік Тоқтаров еліміздің нышандарының шығу тарихы бойынша қысқаша баяндама жасап, әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.
«Мемлекетіміздің нышандары елдігіміздің, егемендігіміздің белгісі. Бүгінде Қазақстан Республикасы барша әлемнің алдында өзінің беделді орынын тауып, белесін асқақтататып келеді. Біз ұландық жауынгерлер, әрдайым нышандарымызға тағзым етіп, еліміздің қорғанында мүлтіксіз қызмет етуіміз тиіс, — деп Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров өз сенімін білдірді.
Шара соңы салтанатты шерумен өтумен ұласты.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.