Азаматтық істі қарау барысында татуластыру рәсімдері

Қазақстандағы Медиация — бұл қажетті институт, өйткені біздің заманауи мемлекетіміз барлық қолданыстағы салаларда белсенді дамып келеді, ал медиация өз кезегінде дауларды реттеудің заманауи тəсілі ретінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі

Қазақстан аумағында «Медиация туралы» Заң 12 жыл бойы жұмыс істейді. Медиацияның негізгі қағидасы — еріктілік, яғни екі немесе одан да көп тарап өз еркімен келеді, ешкім екінші Тарапты медиацияға мəжбүрлей алмайды, мұндай салмақты шешімді əр тарап өз еркімен қабылдайды.

Екінші қағида — бұл құпиялылық, бұл қалған адамдар үшін қатаң құпия рəсім, сізде медиативті келісім бар екенін ешкім білмейді, егер ол көпшілікке жария етілмесе сіздің екінші тараппен келіссөздер жүргізгеніңізді, сізде негізінен жанжал бар екенін ешкім білмейді

Үшінші қағидат — Тараптардың ынтымақтастығы мен тең құқықтылығы қағидаты.

2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер еңгізілді, татуластырушы судья ұғымы еңгізілді, оған бастапқыда жанжалды сотқа дейінгі тəртіппен бейбіт жолмен шешу, дауды сот талқылауынсыз шешу үшін барлық талап-арыздар келіп түседі. Ажырасу дауларын шешкен кезде медиация тəртібімен мүлікті бөлу бойынша барлық даулар, балаларды күтіп-бағу жəне тəрбиелеу жөніндегі даулар, ортақ борыштарды бөлу бойынша барлық даулар шешілуі мүмкін.

Сондай-ақ, Сотқа дейінгі хаттаманың жаңа тұжырымдамасы жүргізілді, онда тараптар бір біріне қандай талаптары бар екенін, негіздері мен қандай дəлелдері бар екенін жəне дауды бейбіт жолмен (медиация) реттеу үшін қандай шарттар (жолдар) бар екенін көрсете алады.

Жанжалды осындай шешуді жүргізу мерзімі сотқа дейінгі хаттамасыз 10 жұмыс күні жəне сотқа дейінгі хаттамамен 15 жұмыс күні ішінде көзделген. Жанжал бейбіт жолмен реттелмеген жағдайда талап арызды сот тəртібімен қарайтын судьялардың қарауына беріледі.

Медиацияның сот талқылауы мен сот шешімдерін шығарудан артықшылығын атап өткім келеді: Біріншіден, дау бойынша шешімді сот емес, тараптар өздері қабылдайды. Сот тек осы Келісімнің азаматтық заңнамаға сəйкес келуін, үшінші тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қозғамауын қадағалайды жəне оны бекітеді.

Екіншіден, бұл дауды шешу мерзімдері, егер медиативтік келісімге қол жеткізу үшін 10-нан 15 жұмыс күніне дейін уақыт кетсе, ал дауды сот тəртібімен шешу үшін 2 айдан 2 жылға дейін уақыт кетеді.

Үшіншіден, медиацияны сəтті шешкен кезде жеңімпаздар да, жеңілгендер де жоқ, жанжалға қатысқан барлық тараптар жеңіске жетеді.

Төртіншіден, егер Тараптардың біреуі алған міндеттемелерді орындамаса, егер соттан тыс келісім медиаторларда жасалған жағдайда, Тарап жазбаша іс жүргізуде мəжбүрлеп орындау туралы арызбен сотқа жүгіне алады, содан кейін сот тараптарды шақырмай-ақ ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 135 баптың 3-тармақшасында көзделген тəртіппен 3 жұмыс күні ішінде бұйрықтық іс жүргізу тəртібімен сот шешімін шығарады.

Егер медиативтік келісім сотқа берілгеннен кейін жасалса, онда іс бойынша тарап медиативтік келісімді мəжбүрлеп орындау туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады жəне сот ҚР АІЖК-нің 180-бабының тəртібімен осы Тарапқа атқару парағын береді.

Сондай-ақ, оқырмандардың назарын Медиацияның атқарушылық іс жүргізу тəртібімен сот шешімдерін орындау кезінде де қолданылатынына аударамыз.

Дейл Карнеги айтқандай: «Дауды жеңудің жалғыз жолы — оған араласпау. Əлемде дау — дамайды жеңудің бір жолы бар — бұл одан аулақ болу».

А. Е. Кулмасова, Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотының судьясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *