Министр келді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек 27 маусымда сағат 10:00-де Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді жəне сағат 11:30-да министрліктің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Қарағанды қаласы, Алалыкина көшесі, 12, «Terricon Valley» IT-хаб).

Жеке қабылдауға жазылу үшін жəне сауалдар мен ұсыныстар: (8–7212) 50–61–34, 25–06–77 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кезде — судің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің YouTube əлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға жəне ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация жəне байланыс, «электрондық үкімет» жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркəсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркəсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *