Райымбек ҚОЙШЫБАЙ: «ТОҚТАСА ЖҮРЕК ТАҒДЫР САҒАТЫМ»

Райымбек ҚОЙШЫБАЙ – 1997 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Облыстық мүшәйралардың жүлдегері. Қазіргі таңда «Qarmet» комбинатында слесарь-жөндеуші қызметін атқарады.

 

Біз өлген соң оқыламыз, қарағым!

Біз өлген соң оқыламыз, қарағым!

Ал қазір арам шөптің бәрі Ақын.

Біз секілді жыламайды бұрышта,

Сырт көзге көрінеді Нар Ақын.

 

Сорлымыз мен де, сен де, тағы кім

Өзгермесін бірақ бауырым бағытын.

Құны сенің жоғары жұлдыздан,

Өлген соң бірақ бұйырады бақытын.

 

Кеткен кеше талай алып Ағалар,

Алматыда Қасымның көз жасы бар.

Пәтер таппай қиналған сол ағам,

Өлген соң барып

Қасым деп санын сабаған…

 

Мұқағали десе жүректен қан жылаған,

Мұқаң да кеше Алматыда зар жылаған.

Жалғыздықтан өртенді-ау, өршіл ақын

Сырласуға дос таппай бас қаладан.

 

Солай күнім, солай аймен түн бататын,

Әлі келеді күн жырынмен жырғататын.

Көктен хабар жеткенше жазып қал,

Кірлеген қадіріңді сол өлең ертең құрғататын.

 

Сен өлгенде еңшінді бөліп беріп,

Ақын деген атақ береді серік қылып.

Кітаптар да басылар бастау алып,

Зиратына келеді гүлдер себеп болып.

 

Ол күн той думан сен үшін көп күттірген,

Дос боласын бауырым, енді елестермен

Біз өлген соң оқыламыз, қарағым

Табылар жазбалар архивтегі деректерден.

 

Магнитка – алтын бесігім

От ойнаған болатшының қолында,

Бұлақ сынды домна пештің жолында.

Атқылайды от өзен ағыспен,

Ауыр жүк горновойдың мойнында.

 

Ыстық лебі еседі бетке үрлеп,

Болат өзен нөпірі қатты неткен ед(і).

Жарып келеді бұғауларды аяусыз,

Бағынбайды, тек горновойдан именед(і).

 

Толы ванна самаурындай қайнаған,

Металлургтің жүзі бал-бұл жайнаған.

Толы шәй секілді құдды кеседе,

Чугуновозда болат балқып, шайқалған.

 

Металлургия – алтын кәсіп, маңдай тер,

Теміртауым, өс, өркенде, самғай бер!

Бар қазақтың мақтанышына айналған,

Қарметкомбинат, жайнай бер!

 

Сені сүйетін жан болғаны қандай жақсы

Сені сүйетін жан болғаны қандай жақсы,

Сен үшін уайымдап, алағызатын

Сырыңды ақтаратын,

Өмірдің ашып ақ парағын.

Көңілдегі кірбіңді ұмыттырып,

Өміріңді жақсартатын.

 

Сені сүйетін жан болғаны қандай жақсы,

Бір сөзден ұғатын

Ақ қанатым.

Сонымен бірге келгендей

Салтанатым.

Алда – күз ғой.

Уақыт келді

Ғашықтықтан ән салатын.

 

Жадырап тұрғандай айнала бір,

Сарғайған жапырақ та қайғырмай тұр.

Құстар да жылы жақты сағынбайды,

Келді ме тағы бір күз бақ қонатын.

 

Күз емес-ау, көктемдей жаным гүлдеп,

Табиғат тұрса да бүгін жүдеп.

Менің жаным бүгін бүршік атты,

Ақ сезім лаулап, сезім үрлеп.

 

Сені сүйетін жан болғаны қандай жақсы…

 

Қырғыздың қызы

(Нұрайым Ақылбековаға арнау)

Қырғыздың қызы, қырмызы гүлі,

Әдемі, нәзік шырайлы жүзі.

Жүректен сезім үзілді бүгін

Қарақат көзді, ей, қырғыздың қызы.

 

Көргенде сені, көзайым болдым,

Өмірде мендік Нұрайым болдың.

Бұлбұл үнді шырайлы құсым,

Ақ жүрекпен жазайын жырды.

 

Дауысың сыңғыр, ғажайып үнді,

Сағындым мен де сонау бір жылды.

Күз келгенде қалықтап келген

Құдайым әр кез жебесін сізді.

 

Тамылжыған тамыздың күні,

Бойымды билеп ғашықтық жыры.

Өзіңе асықтым, жалғызың болып

Алдымнан шықшы, айылдың қызы.

 

Ей, Махаббат

Ей, Махаббат

Мен сені жеккөрем

Жақсы көріп көктемегем.

Сүюдің құнын маған айт,

Маған айт мен саған өкпелегем.

 

Алып ұшып сағыныштан жүдегенмін,

Көрдің бе, ғашықтықтан жүдегенін.

Бәрің қойшы, қуанам да жынданам

Жауапсыз махаббаттан жүлдегермін.

 

Керектенбей қарамасын көз ілмесін,

Оған деген сезімім үзілмесін.

Мен оған ғұмырымды құрбан етем,

Жүзіне бірақ күлкі сыйлап өтем.

 

Ақ жауының нөсеріндей жанары

Таусылмасын сол Арудың жазары.

Менің сүйген махаббатым мәңгілік,

Жүрегімнің түкпірінде қалады.

 

Ақынның көз жасы

Тауға да ұрып, тасқа да ұрып бір басын

Ақын жанда болып жатыр бұрқасын.

Жылатып алған өз елі ғой, өз жұрты

Құрғатып отыр өлең ақынның көз жасын.

 

Апырай, көздері неткен мұңды еді,

Ақын жаны неткен тұнық, сырлы еді.

Ұқпайды оны, түсінбейді бұл қазақ

Өлтіріп алып, өлген соң ғана іздейді.

 

Тіршілікке құл болуға қимайтын,

Ақын емес пе, шындықты айтып жырлайтын.

Өр мінезін, әрекетін өсектеп

Адамдар-ай, жырларын сүйіп тыңдайтын.

 

Жазуға берген ақынның асыл қолдарын,

Ақын болу – Тәңірден берген бақ, дарын.

Заманым-ай, қасқырға қой бақтырып

Тірлікке салып, алыптарын қинайтын.

 

Құрыш қала – құт мекен

Құрбан болған жері мен Ерлері,

Құтты мекен құрыш қалам мендегі.

Бар Қазаққа бар байлығын сыйлаған,

Теміртауды түтін басып тұр ме екен?!

 

Маңдайынан соры бір сәт арылмай,

Түтінімен күллі жұртқа таңылды-ай.

Теміртауда ел бар жер де бар,

Бар байлығын шашып берген тарыдай.

 

Туған қалам, кең өлкесі қазына

Сорына біткен бе білмеймін бағына?!

Таң ертесі таудан соққан жоқ самал,

Таза ауа айналған бізге сағымға.

 

Кеншілер елі жесірлер жері жетімдер,

Сапта тұрған жетімдер де жетілер.

Құтты мекен құрыш қалам Теміртау,

Қанша ердің қабірі қазулы тұр екен?!

 

Ақынның жары

Қуаныш та қайғы да бір басыңда,

Білмеймін бұл

Бақытын ба сорың ба?!

Жұбы болып жаратылды Ақынын

Ренжіме, күнім

Кезігіп қалып жатсаң бұрқасынға.

 

Жыр жазып өлең жазсам

Бір Аруға.

Ошағынды тұтатып мәңгі

Тұрасың ба?!

Мендегі жалғыз жүрек

Жалғыз кеуде,

Сен менің арпалысымды

Ұғасың ба?!

 

Мен сені өмірімде сүйіп өтем,

Тарту қылып жазбасам да сый қып өлең.

Басқаларға бұйырмаған саған бақ,

Ақынның жарысын сен сүйіп өтер.

 

Таусылып шарасыздықтан дала кезем,

Жұқтырған бақытым бұл бала кезден.

Жабырқаған да көңілді жұбатар,

Мұқанның жары Лашынды үлгі етем.

 

Қой деме өлең жырды өтінерім,

Жазбасам ішімнен өзімді кеміремін.

Саған көніп көміп кетсем өлеңімді,

Жырлайтындай іздеп іштегі жетімегім.

 

Тәңір сүйген қыз

Сенің тәтті қылықтарын

Жинағандай әлем қызықтарын.

Ақ ұлпа қар секілді ақ жүзің,

Ақша бұлттар маңдайындағы сызықтарын.

 

Сен өзге әлемсін өзгеше,

Сен секілді ғалам бір күн өзгерсе.

Сенің таза жүрегінді үлгі қып,

Тәңір сүйген қызысын күң күтіп..

 

Көзқарасың артық мынау ғаламда,

Жанарыңда бір тіршілік бар онда.

Сол жаққа мені мәңгі тұрғын ет

Қосып беріп кереметті, жанарға.

 

Ғаламның гүлісің сыйға берген,

Жауһар жырынан сыйла өлең.

Тәңір сүйген тәңір гүлі сен ғана,

Жарқыным, өмірде тек сыйға бөлен.

 

Шер

Мені баласынып жүргендерге,

Мені аласа ойлы деп жүргендерге.

Бәрінен шаршадым

Атпай-ақ қойсын ақ таңым,

Дәл кәзір солғын тартқан шақтамын.

 

Қызуы басылып өмірдің,

Кірбің шалған көңілдің.

Қасірет шеккен шерлімін

Қажыды ма өр үнім?!

 

Тамағыма тарылып,

Өксік болып қарылып.

Шыдам бермей жаныма,

Кетпесем болды бір күн жарылып.

 

Мен таза едім басында,

Арам ой жоқ дұшпаныма досыма.

Ақ құшағымен қарсы алып,

Бар жанымды ақ дүниемді ақтарып,

Сырластым мен бәрін дос танып.

 

Келіншегіме

Қарашығым аман жүр қасымдағы,

Бақыт құсы сенсін басымдағы.

Қарашадан көңіл қалып сел болғанда,

Жынды басым тағы да сөз болғанда.

 

Ақпейіл таңқалам пейіліне

Бір періштем жүр үйімде.

Басқалар шыдамай тайып берген,

Сенсін шыдаған Ақынның күйігіне.

 

Болмасты да болады деп жігер бердін,

Сен ақылшым, жарқыным, сүйенерім.

Жалғыз жүріп жол таппай адасқанда,

Амандығымды Құдайдан тілегенім.

 

Қолдан келсе салар ем алып сарай,

Жүзінен жоғалмасын жылы шырай.

Сарайдан кем емес қара үйім,

Ханшайымым сен жүрсең маған ұнай.

 

Тәуелсіздік

Қасиетті өлкем, туған жерім бақытым,

Сыйға берген, бар дүние жақұтын!

Тәуелсіздігім, ол менің кең тұғырым,

Арайлап атқан бақытқа толы әр күнім.

 

Қазақстан, Отаным менің, тұғырлы.

Қастерлеймін көк байрақ, көк туымды.

Егеменді елімнің ұрпағымын

Туған жерді,

Ана тілді, жырлау үшін туылдым.

 

Тарихымды болмас еске алмасам,

Қыран болып көгінде шіркін самғасам.

Құрбан болған Қазағымның Ерлері,

Бос өмір, Мағжан болып жанбасам.

 

Алашымның орындалып арманы,

Тәуелсіз елдің атты таң нұры.

Оян Қазақ деп ұмтылған Арыстар,

Ахаң менен Міржақып.

 

Біз барда сөнбей-тұғын шырақтар,

Шешілмеген жауапсыз қалған сұрақ бар.

Тәуелсіздік үшін күрескен боздақтар,

Арттарында елін сүйген тұяқ бар.

 

Бауырдың исі

Мауқымды баспай иіскеп тұлымын,

Келші бері бір иіскейін, құлыным.

Туған жердің иісі аңқып тұр сенен,

Сен басқаны жерде менің де ізім бар інім.

 

Анау қырат төбелерде, қырларда

Құрбыжан, мен толы болған сырларға

Сары жейден сары далам ғой Сарыарқа

Тәбәрік қылып алып қалсам бұлдан ба.

 

Боз баласы ауылымның кейпінде

Тазалық бар жүрісінде, иісінде.

Көздеріңде жаутаңдаған інім-ау,

Не деген таза құлыным-ау, күлкің де.

 

Жуасыған мінез де даналығы ауылдың,

Мұнын артық сенесің бе, бауырым?!

Жырым-жырым болса-дағы киімін,

Адамдардың ішіндегі сенсің, тәуірім.

 

Ауылдан келген аңғалым-ау, бауырым

Артық көріп тас қаланың сауығын.

Алдамшы өмір, айбалтасын қайтейін

Қарашы,

Тал шыбықтын тамырмен шабуын.

 

Ақ жайық

( Атырауға сағыныш)

Жауһар жырға жаным құмар,

Ақ жайық па әлде, жанымды ұғар.

Апа-ау сіздің жаққа кеткім кеп жүр,

Түсімде тағулы сіз таққан тұмар.

 

Жайықта ару бар мені күткен,

Ойым мен жанымен есім кеткен.

Қызыл көйлек бұрымды қолын созып,

Шақырады ару мені неліктен?!

 

Тербелген толқыныма айдынында,

Шерлі жырым толы қайғы-мұңға.

Жайық мені де бір күн қарсы алар,

Жатсың ба,

Төбешік боп жатсам құмында?!

 

Жұмекен, Зейнолла, Табылды шың,

Сағым жылдарды сағындым шын.

Рақымжанды әлдилеген бесігін,

Фариза аңыз айтпасам да есімін.

 

Тоқтаса жүрек тағдыр сағатым,

Ақ қауырсын болып ұшып баратын.

Ақ құшағын мен қарсы ал мені,

Махамбеттің жері Ақ Жайық даласы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *