Header Banner

Шахтинскіде жастардың «Қар вахтасы» акциясы бастау алды

Шахтинск жастары жалғызбасты қарттардың, ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, мүгедектердің және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да өкілдерінің үйлерінің аулаларын қардан тазартуда.

«Қар вахтасы» акциясы 1 наурызға дейін жалғасады.

– Бұл жыл сайынғы акция. Шараға біздің волонтерлар, белсенді жастар және қамқор тұрғындар қосылды. Көбірек адамдарды тарту үшін чаттарға хаттар тараттық. Қазірдің өзінде 10-ға жуық отбасына көмектестік, жұмысқа 30-дан астам еріктілер қосылды, – дейді Шахтинск ЖРО жетекшісі Жасұлан Хамитов. – Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!