Үлкен Бұқпа өзені тазаланады

Қарағандыда биыл Үлкен Бұқпа өзенін тазарту басталады. Арнаны нығайту, жерасты коллекторын жөндеу жұмыстары қарастырылған. Жобаны іске асыру саябақ көлінде де көрініс табады: оған тазартылған су құйылады.

Нақты қандай жұмыстар жасалып жатқаны жайлы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы айтып берді.

– Жоба өзен арнасын шөгінділерден, қоқыстардан және бұталардан тазартуды көздейді. Өзеннің түбін тереңдетіп, арна кеңейтіледі. Жерасты коллекторы бойынша жұмыстар жоспарланған. Орталық саябақтың көліне тазартылған су ағатын жергілікті тазарту құрылыстарын салу жоспарлануда, – деп түсіндірді табиғат қорғау бағдарламалары және су ресурстарын реттеу бөлімінің басшысы Шахназар Сейтімов.

Өзеннің ұзындығы 17 км-ді құрайды. Жұмыстар учаскелер бойынша бөлінді.

Арна мен жағалау аймағын тазарту екі жағынан басталады: бастауында – Костенко шахтасының жанында және тұрғын үйлер аймағының артында – Новогородская көшесінің артында, Қарағанды – Астана автотрассасының бойында.

Өзенге рұқсат етілмеген кәріз төгінділерін бөлшектеу жүргізілетін болады.

Жерасты коллекторы бойынша жөндеу және тексеру жұмыстары қарастырылған. Олар бірнеше учаскелерді, соның ішінде өзен арнасы өтетін орталық саябақтың аумағын қамтиды. Бұзылған плиталар ауыстырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *