АЭС салудың маңызы қандай?

 

Энергетикалық мұқтаждықпен біз көрші мемлекеттерге алақан жаймай, тәуелсіз болуымыз керек. Қазақстан — дүние жүзіндегі атом энергетикасын дамытуға мүмкіндігі бар 27 мемлекеттің бірі. Атом электр станциясын салуға қатысты қала тұрғындары өз пікірін білдірді.

 

 

 

Қазақстанда электр қуаты тапшылығына орай, атом электр станциясын салу қажеттігі туындап отыр, дейді көпшілік. Атом электр станциясы — ядролық энергияны пайдаланып, электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорын. АЭС-тар заманауи әлемдегі электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқаратыны айтылған. Былтырдан бастап АЭС салу мәселесі оның қауіпі мен тиімділігі, қажеттілігі мен зиян залалы да сөз болуда.

 

— Бұл мәселе өте күрделі, әр адам өзінің шешімін қабылдауы керек. Менің өз пікірімді айтатын болсам, АЭС біздің елімізге қажет. Біріншіден, біз энергетика мәселелері бойынша тәуелсіз болуымыз керек. Әр елдің өз мақсаты, мүддесі бар, -дейді Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев.

 

Көршілес мемлекеттер даму үстінде, олардың экономикасына да электр энергия қуаты керек, көрші елдерге алақан жайып жүргенше, энергетика, қуат жағынан өзіміз тәуелсіз болуымыз керек, дейді сарапшылар. Серік Санаубаев қазір тоқ тапшылығы айтарлықтай байқалмағанымен, алдағы 10-15 жылдан кейін экономикалық тұрғыдан энергия көзі қажет, болатынын атап өтті. Қалалар өркендеп, зауыттар салынып, құрылыс жүргізілген сайын оған қосымша тоқ қуатынын қажет болатыны түсінікті. Бұл турасында Қарағанды Техникалық университетінің энергетикалық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы да өз пайымын білдірді. Айтуынша, қазірдің өзіңде тоқ тапшылығы бар, импортқа тәуелдіміз. Оңтүстік өңірлер үшін электр энергиясын сырттан аламыз, дейді.

 

— Біздің елімізде сіздер білесіздер энергияға деген тәуелділік жылдан-жылға жоғарылап жатыр. 6-қазан күні референдум болмақшы. АЭС біздің елімізгеде керек. Неге десеңіздер, ел экономикасы көтеріледі. Жұмыссыздық азаяды, — дейді ҚарТУ энергетикалық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Бекболат Мағауин.

Қазақстанда жылу электр станцияларының, электр орталықтарының барлығы шамамен 70 пайызға дейін тозығы жеткен. Оларды жаңарту үшін де қыруар қаражат кететінін ескерген жөн. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет — дейді Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжінің аға оқытушысы Айбарша Исатаевна.

— Айта кетері, Қазақстандағы АЭС 90-шы жылдардан бастап аймақты энергетикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін маңызды экономикалық жоба ретінде қарастырылып келеді. Және бүгінде Атом электр станциясын салу керек пе, деген сауалға халықтың да барынша жауапкершілікпен үн қатып, референдумда пікір білдіргені маңызды, деп ойлаймын, — деп атап өтті филолог оқытушы Айбарша Куленбаева.

 

ЖҰПАР ТОНТАЙТЕГІ, «QH»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *