Алпыс отбасы баспаналы болды

Шет ауданында кезекте тұрғандарға 60 үй мен таунхаус кілттері табысталды. Жаңа тұрғын үйді халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері алды.

Шет ауданында биыл бастапқы нарықтан 170 үй мен таунхаус сатып алуға қаражат бөлінді. Сатып алынған баспана кезекте тұрғандарға беріледі.

Қазір Ақсу-Аюлы ауылында 60 жаңа қоныстанушы үй мен таунхаустың кілтін алды.

Аудандық мәдениет үйінде оларды Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров құттықтады.

Тұрғын үй алғандардың қатарында жалғызбасты ана Алмаш Тәжібаева бар.

– Менің үш балам бар, мен 15 жылға жуық кезекте тұрдым. Әрине, баспана алғаныма өте қуаныштымын. Таунхаус кең. Бірінші қабатта үлкен асүй мен зал, екінші қабатта екі жатын бөлме бар. Жуынатын бөлме, бәрі өте ыңғайлы. Балалар да өте қуанышты, жатын бөлмені өзара бөлісіп алды. Біз көшіп жатырмыз, – деді ол.

Жыл басынан бері Шет ауданында кезекте тұрғандарға 24 пәтер және 36 үй мен таунхаустың кілттері табысталды.

Осы жылдың соңына дейін кезекте тұрғандар тағы бірнеше тұрғын баспана алуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *