Өңірімізге жұмыс сапарымен келген “Amanat” партиясының хатшысы Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев Нұра ауданы, оның ішінде Қараой және Жарасбай ауылдары тұрғындармен кездесті.
Хатшы кездесуде жайылымдармен қамтамасыз ету жағдайы мен ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады.
Әлімсақтан тіршілік-тұрмысы мал шаруашылығымен байланысқан ауыл тұрғындарына мал жайылым мәселесі қашан да өзекті десе болады.
Эльдар Жұмағазиев: Жайылымдық жерлердің жетіспеушілік проблемасы бұрыннан бар екенін және осы мәселені шешу үшін Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.
Халықтың қолындағы мал басы фермерлік ұжымдарымен салыстырғанд көп, алайды оларға бөлінген жайылым көлемі аз.
Біз сіздердің ұсыныс-тілектеріңізді, қажеттіліктеріңізді білген соң келіп тұрмыз. “Жайылым туралы” заң нормаларының орындалмағаны күні бүгінге дейін қордаланған мәселе. Соның кесірінен жергілікті ауыл тұрғындары жайылымдарды қажетінше пайдалана алмай келеді, деді. Сондай ақ, елімізде “Жер реформасы” жөніндегі комиссия жұмыс жасап жатқанын атап, оның құрамына Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің депутаттары кіргенін, жалпы мәселе тікелей Үкіметтің, “Amanat” партиясының бақылауында екенін және оның оң шешім табатынын айтты.
Эльдар Жұмағазиев “Үкіметтің 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы”жоспарын іске асыру аясында тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы туралы да таныстырып өтті.
Бұл жобаның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығын қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылады. Атап кетейін, бұл кездесуге Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Аманғали Бердалин және аудан әкімдігінің өкілдері қатысты. Жарасбай,Қараой тұрғындарының сауалдарының шешімі жайлы алдағы аптада осы құрам халықпен кездесіп,есеп беретін болады.