Қарқаралыда – қоныстой

Қарқаралыда 36 отбасы пәтер алды. Кезекте тұрғандарға арналған үшқабатты үйлер Тоқтар Әубәкіров көшесінде салынған.

Үш қабатты 18 пәтерлі үйлер қызыл кірпішпен қапталған.

Жанар Архипова баспана алуға кезекке 13 жыл бұрын тұрған. Үш бала тәрбиелеп отыр, олардың біреуі мүгедек.

– Осыған дейін біз баспана жалдап тұрдық. Қолыңда мүгедек бала болғанда, үйсіз болу өте қиын. Осы жылдар ішінде мен өзім де ауырып, үшінші топ мүгедектік алдым, бірақ жұмысымды жалғастырып келемін, – дейді Жанар. – Биыл бізге баспана берілетінін білгенде, қатты қуандым. Бұл менің отбасым үшін үлкен көмек. Бізге екі бөлмелі пәтер берілді, өте жарық, кең, барлық коммуникациялар орталықтандырылған. Біз өте қуаныштымыз және жуырда көшеміз деп жоспарлап отырмыз.

Жаңа пәтерлердің кілттерін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын табыстады. Ол қоныстанушыларға зор денсаулық пен амандық тіледі.

Жаңа пәтер иелері арасында «әлеуметтік осал» санатындағы 20 адам және 8 көпбалалы отбасы, сондай-ақ 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Өткен жылы Қарқаралыда 10 отбасыға қайталама нарықта сатып алынған тұрғын үй бөлінді. Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй кезегінде 470 адам тұр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *