⠀Балқаштан кейін біздің қаламыз да цифрлық абаттандыру эстафетасын қабылдады. Енді Қарағанды қаласының қалай өзгеріп жатқанын нақты уақытта көруге болады.
25 медиаборд пен 5 LED-экранда күн сайын абаттандыру мен тазалыққа қатысты ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар, апта сайынғы статистика қаланың 53 қоғамдық көлік бағытында көрсетілетін болады.
⠀
**Экрандарда не көрсетіледі?**
* шығарылған қатты тұрмыстық және ірі көлемді қалдықтардың мөлшері;
* орылған шөп пен тазартылған көшелердің көлемі;
* жойылған стихиялық қоқыс үйінділерінің саны.
⠀
Ақпарат күн сайын жаңартылып, коммуналдық және мердігер ұйымдардың жұмысына негізделіп жасалады. Бұл – ешқандай боямасыз, өзгеріссіз көрсетілген шынайы көрініс. Тұрғындар қаланың өзгеріп жатқанын уәде арқылы емес, нақты статистика арқылы көре алады.
⠀
**Сандар сөзден күштірек:** өзгерістер көз алдыңда болғанда, оған сену де, қатысу да оңай.
⠀
Мұндай тәсіл қала қызметтерінің жұмысын барынша **ашық** етеді және **тұрғындардың белсенділігін арттырады**. Нәтижені бірден көрген кезде, өзің де соған үлес қосуды қалайсың.
https://www.instagram.com/reel/DMsIbIftQpL/?igsh=MW9lZXZ0NzBqbTQ0aQ%3D%3D
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan