Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов «АртСпорт»жобасын қаржыландыру туралы жағдайды түсіндірді.
Бағдарламаның мақсаты – 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды үйірмелер мен секцияларда тегін біліммен қамту. Егер 2021 жылы шығармашылық мемлекеттік тапсырысқа 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінсе, қазіргі қаржыландыру 1,3 млрд теңгеден асады.
Бағдарламаға сұраныс артып келеді, сондықтан биыл бастапқы қарастырылған сомаға қосымша қаражат бөлінді. Бұл жыл соңына дейін 6720 ваучерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы шығармашылық студия басшыларымен кездесуде хабарланды.
– Біз «АртСпорт» бағдарламасының қатысушыларының уайымын түсінеміз, бірақ бірнеше рет айтылғандай: шығармашылық мемлекеттік тапсырысқа қосымша сома бөлінді, соның арқасында бала саны 800 адамға артты. Бағдарламаға сұранысты ескере отырып, келесі жылы бюджет мүмкіндіктеріне байланысты қаржыландыру мәселесі қаралатын болады, – деп түсіндірді Еркебұлан Жұмакенов.
Қарағанды облысында балалар «АртСпорт»бағдарламасы бойынша шығармашылықпен және спортпен тегін айналысып жатыр. 2021 жылы іске қосылғаннан бері оған бөлінген қаржы жыл сайын өсіп келеді. Биыл 3,6 млрд теңге бөлінді.
Облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс саны та көбейді. Биыл бұл бағытқа 2,3 млрд теңгені бөлінген. Қазір 61 қызмет көрсетуші бар, спорттың 23 түрі бойынша 206 секция жұмыс істейді. Қамтылған 10,6 мыңнан астам баланың бір жарым мыңға жуығы ауылдық елді мекеннен.
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/808499?lang=kk