Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев АЭС салу мәселесі бойынша дауыс берді. Өңір басшысы Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 учаскеде өз таңдауын жасады.
— Біздің учаскеде 2201 адам тіркелген. Белсенділік бар, адамдар таңертеңнен келіп, дауыс беріп жатыр. Осы сағатқа дейін референдумға қатысқан ең егде дауыс берушіміз 90 жастағы кейуана, — деді № 17 учаске төрағасы Ерлан Құлымбетов.
Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар қадағалайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 650 учаске жұмыс істейді. Референдумға қатысушылардың тізімінде 760 мыңнан астам тұрғын тіркелген.