Қарағандылық ұландықтар Астана қаласына қызметтік міндет атқаруға аттанады.

Қарағанды қаласынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана қаласына қызметтік міндеттерін атқару үшін жолға шығады.

Аталған іссапар елордада өтетін Regional Environmental Summit (RES 2026) халықаралық саммиті барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты 320-дан астам ұландық күшейтілген қызмет атқаруға жұмылдырылды.

Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындауға дайын екенін көрсетіп, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында кәсіби шеберліктерін танытады. Қызметтік іссапар барысында бөлімше жеке құрамы өзара үйлесімді әрекет етіп, қойылған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.

Қарағандылық ұландықтардың бұл сапары – әскери тәртіптің, ұйымшылдықтың және қызметке адалдықтың айқын көрінісі.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі