Қасым-Жомарт Тоқаев — «Бізге батыл әрі білімді басшылар қажет»

ҚР Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге білімді басшылар қажет екенін атады. 

— Бізге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді, білімді басшылар, нақты өзгеріс жасай білетін азаматтар қажет. Келер ұрпақ кейбір кемшілігімізге түсіністікпен қарайтын да шығар. Себебі жұмыс қателіксіз болмайды. Бірақ біз реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, олар бізді ешқашан кешірмейді. Қазіргідей көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болсақ, тығырыққа тап боламыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz