Қарағанды облысының шалғай елді мекендерінде құқық кабинеттері пайда болады. Оларды әкімдіктер ұйымдастырады. Бұл тұрғындардың заңнамадағы жаңалықтар туралы уақтылы ақпарат алуы үшін қажет.
Жоба облыстық әкімдікте Әділет департаменті жанындағы заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысында ұсынылды. Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Кездесуде жергілікті мемлекеттік органдардың 2023 жылғы Нормативтік-құқықтық актілері мониторингінің нәтижелері талқыланды. Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес құқықтық мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.
– Жылына бір рет әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп мониторинг нәтижелерін қарайды. Мақсаты – анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу, – дейді Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Аягөз Шалдыбаева.
Үйлестіру кеңесінің отырысында заң кабинеттерін құру туралы айтылды. Тек Закон /Заң дерекқорына қол жеткізе отырып, компьютермен жұмыс орнын ұйымдастыру қажет.
– Ауыл тұрғындары әкімдікке келіп, базаны пайдалана алады. Жүйеде нақты іздеу бар. Өз мәселесін шешу үшін қажетті заңнамалық немесе нормативтік актіні оңай табуға болады, – деп түсіндірді Қарағанды облысы Әділет Департаментінің НҚА тіркеу бөлімінің басшысы Жетті Әбділманова.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер үшін Закон/Заң дерекқорын пайдалануға оқыту жүргізілді.